Оқиғалар 22.07.2026

АЭжБУ Қамқоршылар кеңесінің отырысын өткізді

2026 жылғы 22 шілдеде «Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің» Қамқоршылар кеңестің кезекті отырысы өтіп, онда университетті дамытудың маңызды мәселелері қаралды.

Кеңес мүшелеріне университеттің ұзақ мерзімді қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету және оқу орнының түрлі бастамаларын қаржыландыру үшін құрылған «АЭжБУ Эндаумент-қоры» корпоративтік қорының мемлекеттік тіркеуден өткені туралы хабарланды. Қор президенті болып Алматы энергетика институтының 1993 жылғы «Өнеркәсіптік жылу энергетик-инженері» мамандығы бойынша түлегі, АЭжБУ Қамқоршылар кеңесінің мүшесі, «QazCloud» ЖШС ДӨО энергетикалық инфрақұрылымын дамыту жөніндегі басшысы Айдар Чарлизұлы Беркімбаев сайланды.

Сонымен қатар АЭжБУ Alumni Club жетекшісі болып АЭжБУ-дың 2008 жылғы «Мобильді телекоммуникациялық жүйелер» мамандығы бойынша түлегі, Expert Diagnostics клиникалар желісінің бас директоры әрі негізін қалаушы, университет Қамшоршылар кеңесінің мүшесі Абдулла Абдухаликұлы Рапиев сайланды. Клуб қызметі түлектер мен университет арасындағы өзара іс-қимылды дамытуға, тәжірибе алмасуға және түлектер қауымдастығын нығайтуға ықпал ететін бастамаларды қолдауға бағытталады.

Отырыста қабылданған шешімдер университеттің серіктестік экожүйесін нығайтуда, эндаумент институтын дамытуда, оны донорлар қаражатымен толықтыруда және «Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің» одан әрі дамуына ықпал ету сияқты ортақ мақсатқа біріккен белсенді түлектер қауымдастығын қалыптастыруда маңызды қадам болады.

Оқиғалар

Түлектер

Copy link Сілтемені көшіру copy link iwitter link facebook link linkedin link

Жаңалықтар Energo University

Ұқсас жаңалықтар

Жаңалықтар Energo University

Ұқсас жаңалықтар
Предыдущий Следующий
Ұқсас жаңалықтар