3 миллион теңге жүлде қоры: Алматыда «Заң мен тәртіп» концепциясын іске асыру аясында «ORTAQ 2026» байқауы өтеді
Ғұмарбек Даукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті (АЭжБУ) «Заң мен тәртіп» республикалық бастамасын қолдау мақсатында «ORTAQ 2026 - жауапкершілік аумағы» атты қалалық студенттік байқаудың ресми басталғанын хабарлайды. Алматы қаласының жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған бұл ауқымды шараның жалпы жүлде қоры 3 000 000 теңгені құрайды.
Байқаудың негізгі идеясы - жастардың құқықтық және цифрлық сауаттылығын арттыру, «Заң мен Тәртіп» қағидаттарын құрметтеуге тәрбиелеу, сондай-ақ университет пен қала ортасын қауіпсіз етуге бағытталған нақты студенттік жобаларды қолдау. Үздік деп танылған технологиялық шешімдер кейіннен пилоттық енгізуге дайындалатын болады.
Жобалар мен әзірлемелер келесі маңызды бағыттар бойынша қабылданады:
• Құқықтық сауаттылық: құқықтар мен міндеттерді түсіну, көмекке жүгіну жолдары.
• Цифрлық қауіпсіздік: деректерді қорғау және алаяқтық әрекеттерді ерте анықтау.
• Қауіпсіз кампус: тәуекелдерді азайту және қолжетімді орта қалыптастыру.
• Жауапты мінез-құлық: өзара құрмет, мүлікке ұқыпты қарау және өзара көмек.
• Цифрлық инфрақұрылымды қорғау: сервистердің тұрақтылығы мен ақпараттық қауіпсіздік.
Байқауға Алматы қаласының жоғары оқу орындарында білім алатын 17–25 жас аралығындағы студенттер жеке немесе 2-5 адамнан тұратын команда құрамында қатыса алады. Қатысу тегін, әр қатысушы бір жоба ұсына алады. Жұмыстар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қабылданады.
Маңызды мерзімдер:
• 9 қараша 2026 жыл - өтінімдерді қабылдаудың ресми басталуы.
• 4 желтоқсан 2026 жыл (сағат 18:00-ге дейін) - қорытынды материалдарды қабылдаудың соңғы күні.
• 10–11 желтоқсан 2026 жыл - байқаудың финалдық кезеңі (DALA EDGE алаңы, Қаскелең қ.).
Барлық сұрақтар бойынша science@aues.kz электронды поштасы немесе +7 708 253 1353 (байланыс тұлғасы - Ногайбаева Макпал) арқылы хабарласуға болады.
Жастардың креативті ойы мен жасанды интеллект, робототехника және заманауи цифрлық технологиялар саласындағы шешімдері қаламызды тағы да бір қадам қауіпсіз етуге өз үлесін қоспақ! БАҚ өкілдерін ақпаратты таратуға және байқаудың финалын ақпараттық тұрғыдан қолдауға шақырамыз.
Оқиғалар
Хабарландырулар мен хабарландырулар
Шығармашылық
Жаңалықтар Energo University