Жаңа серіктестер, студенттерді қолдау және Эндаумент-қорды дамыту: АЭжБУ-де Қамқоршылық кеңесінің отырысы өтті
Кеңес құрамына жаңа мүшелер қосылды: «Степногорск Энергокомплекс» ЖШС бас директоры Максат Искаков және кәсіпкер Марат Улданов. Олар университеттің білім беру және инновациялық бастамаларын қолдауға дайын екендіктерін білдірді.
🎓 Студенттерді қолдау
АЭжБУ-дің 19 студенті жалпы сомасы 11 760 000 теңгені құрайтын атаулы гранттар мен стипендияларға ие болды. Демеушілік танытқан түлектеріміз, серіктестеріміз бен меценаттарымыз:
🎓 Асығат Жабағин атындағы грант пен стипендия (1 760 000 ₸):
Ансат Жабағин әкесі — мемлекет қайраткері Асығат Жабағин атындағы 1 260 000 ₸ білім гранты мен 500 000 ₸ атаулы стипендиясын тағайындады.
💼 Марат Улданов:
Кәсіпкер, Қамқоршылық кеңесінің мүшесі 2 500 000 ₸ бөлді (5 студентке 500 000 ₸-ден).
⚡ Алтынбек Каршегенов / «Атырау Жарық» АҚ:
Қамқоршылық кеңесінің мүшесі, Басқарма төрағасы 2 500 000 ₸ бөлді (1 000 000 ₸-ден 2 стипендия және «Өткен жылдың үздік түлегі» номинациясы бойынша 500 000 ₸).
🔌 Ғалымбек Қызырбек / «Bolachak Electric» АҚ:
Басқарма төрағасы 1 000 000 ₸ бөлді (2 студентке 500 000 ₸-ден).
🏫 Автоматика және басқару кафедрасының түлектері:
Булат Хисаров атындағы стипендия — 500 000 ₸.
🎓 Андрей Кибарин:
Университет профессоры, АЭИ түлегі — 500 000 ₸.
👔 Әрқайсысы 500 000 ₸-ден атаулы стипендия бөлген меценаттар:
Оразбек Бекбас («Қазэнергопрофсоюз» БҰ)
Жақып Хайрушев («Атамекен» ҰКП)
Мәди Ағыбаев («RIZA GLOBAL» ЖШС)
Бауыржан Жантасов («Қызылорда РЭК» АҚ)
Серікбек Дәукей (Ректордың стратегиялық мәселелер жөніндегі кеңесшісі)
Батырбек Мусин («Павлодар өзен порты» АҚ)
📈 Эндаумент-қорды дамыту
Отырыста 2026–2029 жылдарға арналған Эндаумент-қорға инвестиция тарту жоспары таныстырылды. Сондай-ақ университет түлегі, 2014 жылы «Жылу энергетикасы» мамандығын тәмамдаған Санат Актанановпен қорға қаражат бөлу туралы келісімге қол қойылды.
Қор қаражаты университетті дамытуға, стратегиялық бастамаларды іске асыруға және материалдық-техникалық базаны нығайтуға бағытталады. Студенттерімізді қолдаған барлық демеушілерге алғысымызды білдіреміз!
Оқиғалар
Сайыс
Түлектер
Жаңалықтар Energo University