Оқиғалар 14.04.2026

АЭжБУ студенттері республикалық олимпиаданың жүлдегерлері атанды

«Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» білім беру бағдарламасының студенттері «Өрт қауіпсіздігі» пәні бойынша XVIII Республикалық пәндік олимпиадаға қатысып, жүлделі 2 орынды иеленді. Олимпиада 2026 жылдың 13 сәуірі мен 14 сәуірі аралығында Шымкент қаласындағы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде өтті.

 

Университетіміздің атынан БЖДк-24-1 тобының 2 курс студенттері Әбубәкір Әділет Дарханұлы мен Әбдіразақ Жамбыл Ерікұлы қатысты. Мұндай деңгейдегі олимпиадаға қатысу олардың жоғары кәсіби білімдерін, практикалық дағдыларын және өрт қауіпсіздігі саласында сауатты шешімдер қабылдау қабілетін көрсетуге мүмкіндік берді.

 

Мұндай іс-шаралар болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігін дамытуда маңызды рөл атқарады, тәжірибе алмасуға ықпал етеді және студенттер мен еліміздің жетекші жоғары оқу орындары арасындағы академиялық және кәсіби байланысты нығайтады. Студенттеріміз университет атынан абыроймен шығып, дайындықтарының жоғары деңгейін растады.

 

Бұл жетістік жаңа жеңістер мен кәсіби табыстар жолындағы тағы бір қадам болсын.

Біз сіздерді мақтан тұтамыз!

 

Студенттерді олимпиадаға дайындаған жетекшілерге ерекше алғыс айтамыз: 

ЭИМ кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к. қауымдастырылған профессор – Абикенова Асель Амангельдиновна және магистр, профессор-практик Айтбаева Жанар Матжановна. Сіздің жұмысыңыз, қолдауыңыз және кәсіби жетекшілігіңіз осы жетістіктің маңызды бөлігі болды. 

 

Болашақ мамандарды дамытуға және тәрбиелеуге қосқан үлестеріңіз үшін рахмет!

Оқиғалар

Олимпиада

Copy link Сілтемені көшіру copy link iwitter link facebook link linkedin link

Жаңалықтар Energo University

Ұқсас жаңалықтар

Жаңалықтар Energo University

Ұқсас жаңалықтар
Предыдущий Следующий
Ұқсас жаңалықтар