23.04.2020

КЕЗЕКТІ ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚУ ҚҰРАЛЫ ЖАРЫҚ КӨРДІ

КЕЗЕКТІ ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚУ ҚҰРАЛЫ ЖАРЫҚ КӨРДІ

Үстіміздегі жылдың 17 ақпаны күні Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің әлеуметтік пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен вебинар өтті. Вебинар осы кафедра аясында дайындалған электронды оқу құралының таныстырылымына арналды. Вебинарға ҒИжТИ, ЭЭжЭТИ және ЖЭжТИ директорлары, кафедраның профессор-оқытушылары қатынасты.

Бүгінде Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті білім беруде электронды басылымдар мен ресурстарды дайындап, оларды қолданысқа енгізуді дәстүрге айналдырған.

Университеттің әлеуметтік пәндер кафедрасының доценттері, с.ғ.к. А.Әбдіқалық пен т.ғ.к. С.Байдильдина «Әлеуметтік-саяси білімдер модулі: саясаттану» атты кезекті электронды оқу құралын (ISBN 978-601-332-560-6)

дайындады.

Оқу құралы Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі бекіткен (31.10.2018, № 603,) «Әлеуметтік-саяси білімдер модулі: саясаттану» пәнінің типтік бағдарламасы (Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де дайындалған) аясында жоғары оқу орындарының саясаттану емес мамандықтарының студенттері үшін әзірленген.

                                                                                                        \"\"

   «Әлеуметтік-саяси білімдер модулі: саясаттану» - А., АЭжБУ.- 2019.

Аталмыш электронды оқу құралын дайындаудағы басты мақсатымызды былайша түсіндіруге болады:

• Бүгінгі білім беру жүйесіндегі электронды басылымдар мен  ресурстарды дайындау және қолдану талаптарына жауап беру;

• Қашықтан оқыту үдерісінің өрістеуі, соған сәйкес тиімді технологияларды енгізіп, оларды пайдалануда өз үлесімізді қосу;

•  Университетіміздегі қазақ бөлімдері қатарының жыл сайын арта түсуі себепті қазақ тіліндегі жаңа тұрпатты оқу құралдарының дайындалуына септігімізді тигізу;

• Білім алушыларымыздың интернет желісі арқылы Республиканың кез-келген түкпірінде отырып білім алуына мүмкіндік жасау;

• Ең бастысы – білім алушыға оқытушы көмегінсіз өз білімін пысықтап, тексеру мүмкіндігін беру (тапсырма, тест арқылы);

Мұндай электронды ресурстың функционалды мүмкіндіктері де мол. Аталмыш оқу құралында бүгінгі білім беру жүйесінде айналымға енген кәсіби категориялық аппарат қамтылған.

Электронды оқу құралын пайдалану еш қиындық тудырмайды:

• Тінтуір арқылы оқу құралының мұқабасындағы «Әлеуметтік-саяси білімдер модулі: саясаттану» атауын басу арқылы, оқу құралының мазмұнын ашуға болады;

• Сол жақтағы «Сипаттамада» оқу құралына пікір берушілер, авторлар құрамы, оқулықтың көлемі және ISBN туралы мәліметтер берілген;

• Одан әрі төмендегі «Кіріспеде» әлеуметтік-саяси білімдер модулі: саясаттану курсының маңызы мен рөлі, аталмыш электронды оқу құралының оқу үдерісіндегі құндылығы мен ерекшеліктері туралы ақпарат жинақталған;

• «Кіріспеден» төменірек пәннің типтік бағдарламасына сәйкес құрылған дәріс тақырыптары көрсетілген. Әр тақырып «Дәріс»,  «Тапсырма», «Тест», «Глоссарийден» тұрады. Бұл бөліктерде студенттің өз бетімен жұмыс істеуіне толық мүмкіндік бар;

• Дәріс мәтіндерінде көк бояумен бөліп көрсетілген ғылыми терминдер, жекелеген саяси тұлғалардың есімдері, қоғамдық және саяси ұйымдар мен саяси оқиғалар атаулары, сөз тіркестерін басып, ашық энциклопедиядан алынған ақпараттармен танысуға болады. Бұл білім алушыға өз уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді;

                    \"\"\"\"

  • «Тапсырмаға» кіру арқылы түрлі танымдық сипаттағы тапсырмаларды орындап, өз жауаптарының дұрыс-бұрыстығын тексере алады. Мұндағы тапсырмалар толығымен оқу құралы авторларының өнімі;
  • Сол сияқты «тест» тапсырмаларын да өз бетімен орындап, нәтижесін білуге болады, қажет жағдайда сол жақта төменде орналасқан тілді басып, қайта орындау мүмкіндігі бар. Тест тапсырмалары мәтін төңірегінде құрылған және оқу құралы авторларының өнімі болып табылады;

                                                                              \"\"\"\"

• «Глоссарийда» тақырып бойынша кездесетін, уикипедия және саяси сөздіктерден алынған терминдердің мән-мағынасын түсінуге болады;

• Соңғы бөлім «Авторлар ұжымы» деп аталады. Мұнда электронды оқу құралының авторлары туралы мәлімет берілген.

Қазақ тіліндегі оқу құралы Adobe Flash CS5.5. бағдарламасының негізінде дайындалды.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ... оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу»,- деп көрсетілген. Соған сәйкес университет ұжымының осы бағыттағы жұмысы әрі қарай жалғасын табады ойлаймыз.

 

САУЛЕ БАЙДИЛЬДИНА

Алматы энергетика және байланыс университеті доценті, т.ғ.к.

 

Copy link Копировать ссылку copy link iwitter link facebook link linkedin link

Новости Energo University

Похожие новости

Новости Energo University

Похожие новости
Предыдущий Следующий
Посмотреть все