Психологиялық қолдау

Біз студенттеріміздің менталдық денсаулығына ерекше мән береміз. Университетте әрбір студент жайлы жағдайда тегін және сапалы көмек ала алатын психологиялық қолдау қызметі жұмыс істейді.


Галерея

Екі білікті психолог жеке кеңес береді:

Биманова Актоты Исматиллаевна және Стук Ирина Владимировна

 Кез келген адам келесі мәселелер бойынша жеке кеңес ала алады: жоғары алаңдаушылық, қорқыныш, мотивацияның төмендігі, күйзелу, өмірлік дағдарыстарды жеңу, депрессиялық жағдайлар, әріптестермен, курстастармен, жақындармен қиын қарым-қатынастар және т.б.

 

Кеңестер офлайн форматта жүргізіледі:

Дүйсенбі-жұма күндері 8:00-ден 17:00-ге дейін

Қолдау алу үшін «Б» корпусының 232-кабинетіне алдын ала жазылып келу қажет. Жазылу келесі сілтеме арқылы жүзеге асырылады:

 СТУДЕНТТЕР ҮШІН

 Қосымша ақпарат үшін мына телефонға хабарласыңыз:

8(727)3231175 (ішкі нөмір 6921)

Немесе электрондық пошта арқылы: psyconsult@aues.kz

 

№2 жатақханадағы психолог (Шашкина 14а)

Университет жатақханасында студенттердің оқу үдерісіне және өз бетінше өмір сүруге бейімделу кезеңінде қолдау көрсетуге, сондай-ақ қолайлы әрі қауіпсіз өмір сүру ортасын қалыптастыруға бағытталған психологиялық қызмет жұмыс істейді.

Психолог:

Муслимова Асель Пиримжановна (121-кабинет) — психолог, дағдарыс психологы.

Қабылдау уақыты:

Дүйсенбі – жұма: 13:00-ден 20:00-ге дейін,
Сенбі: 13:00-ден 18:00-ге дейін.


Contact Icon

Университеттің психологиялық қолдауы

8(727)3231175 (вн. 6921)

Contact Icon

Ұлттық сенім телефоны

150