1943 жылы наурыз айынан бастап бесінші Дон казак атты әскер дивизиясында, 63-ші атты әскер дивизиясында, 14 полкта артеллирист болып 1943 жылы тамыз айынан бастап қайта соғыс майданына кірісті.
1942-1945 жылдары Ұлы Отан соғысына қатысып, Сталинград қаласын, Украина, Румыния, Венгрия, Югославия, Молдавия елдерін, Звенигородка, Шпола, Мариуполь, Волковаха, Чаплино, Варванково, Корсунь-Шевченко қалаларын неміс фашистерінен азат етуге қатысты. Жеңіс күнін Австрия астанасы Вена қаласында қарсы алды. ІІІ дәрежелі Даңқ, І дәрежелі Отан соғыс ордендерімен, көптеген медальдармен наградталды.
1947 жылы 15 наурызда соғыстан келді. Осы жылы Шымкент тау-кен түсті металлдар техникумына түсіп, 1949 жылы бітірді. 1949-1950 жылдары Фрунзе (қазіргі Зертас) жоғарғы партиясында жұмыс атқарды. 1950-1961 жылдар аралығында колхоздың жылқы, сиыр фермаларының меңгерушісі қызметтерінде жұмыс жасады. 1961-1964 жылдары Қырғызстан КПБК жанындағы Фрунзе Совет партия мектебінің тыңдаушысы курсын бітірген. 1964-1974 жылдары «Большевик» колхозы партия комитетінің хатшысы, 1974-1984 жылдары колхоз төрағасының орынбасары болды.
1990 жылы зейнеткерлікке шыққанша «Большевик» колхозында, басқа да басшылық қызметтерін абыроймен атқарды. Зейнеткерлікке шыққан соң ауыл ардагерлер Кеңесінің төрағасы болып жұмыс істеді. 2001 жылы ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қолынан «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. 2005 жылы 24 мамырда «Төлеби ауданының құрметті азаматы» құрметіне ие болды.
Ол Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиумының Құрмет грамотасымен, «Тыңға 50 жыл», т.б. медальдармен марапатталды.
Роман, Дебреценв, Ньиредьхаза, Надьканижа, Будапешт қалаларын немістерден қайтарып алғаны үшін жоғары қолбасшы Сталиннен тоғыз (9) алғыс хатын алды және ордендермен марапатталды.
Медальдары:
-«За оборону Сталинграда»;
-«За взятие Будапешта»;
-«За победу под Германией»;
-«20 лет Вооруженных сил СССР»;
-«30 лет Вооруженных сил СССР»;
-«40 лет Вооруженных сил СССР»;
-«50 лет Вооруженных сил СССР»;
-«60 лет Вооруженных сил СССР»;
-«70 лет Вооруженных сил СССР»;
-«За победу труд в ознаменований 100-летия со дня рождения В.И. Ленина»;
-«Кеңес Одағының Маршалы Г.К. Жуков медалі»;
-«1941-1945 жж. Соғыс ардагері» белгісін алды.
-«Бас аман, бауыр бүтін, мекенің мен елің бар. Өмірде байлық іздемедік, бейнет іздедік. Құдайға шүкір, өсіп-өндік, саналы ұрпақты өмірге әкеліп, тәрбиеледік. Жұбайым Зәбен екеуміз 4 ұл, 6 қыз өсіріп, 28 немере мен 15 шөбере ортасында өмір сүріп отырмын. Бұдан артық тірі жанға нендей бақыт керек» - дейді батыр Байзақ атамыз.
Қазіргі таңда ол 95 жасқа келген ардагер жауынгер, Төлеби ауданының құрметті азаматы.
Ұлы Отан соғысы... Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгі қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер мен солардың төккен қаны мен терінің арқасында бейбіт өмір сүріп жүрген біздер тойлаймыз.
Қариялар азайып бара жатқанын әсіресе олардың ортасында Ұлы Отан соғысынан аман орталған ақсақалдарымыздың қарасы жыл санап азайып барады емес пе?! Солардың жанымен, қанымен, терімен, көз жасымен, күшімен, ісімен, ерлігімен, атаның туын жықпай, ананың намысы үшін туған жердің топырағын жауға таптатпай, еңіреп жүріп жауды жеңіп, тауын шағып, туын жағап, жеңістің таңбасын басқан күн – Жеңіс күні. Бұл күннің толғағы ашшы болса да, туғаны бар халқы үшін қуаныш болған күн. Сондықтан да бұл Ұлы мереке. Оққа ұшқан қарулас жолдастарының аманатын арқалап, аман оралған ардагер аталарымыздың өздері қорғап, қорған қамқор болып оралған арттағы қалың елдің қамығып жеткен Жеңіс күнін, біз ұмытсақ та тарих ұмытпайды. Ол - өмір заңы.
ҰЛТЫМЫЗДЫҢ МАҚТАНЫШЫ, ҮЛКЕН РУХТЫҢ ИЕСІ
Нұрсәлім Көркемай
Робототехникадағы аспаптар мен жүйелер
КИПРк -19-2 тобының студенті
Жеңіс күні - әр адамды толқытатын ерекше, аса қастерлі де айтулы күн. Бұл Жеңіс болмағанда көптеген елдер мен халықтардың тағдыры басқаша қалыптасып, Қазақстанымыз да тәуелсіз ел болмас па еді? Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні - соғыстан оралмай қалған жауынгерлердің рухына бас иіп, ал арамызда жүрген соғыс ардагерлеріне бұрынғыдан да құрметпен қарап, олардың жауынгерлігіне және ерліктеріне тағзым ететін күн. «Ер бақыты ел қолында, ел бақыты ерлер қолында» - деп батыр атамыз Бауыржан Момышұлы айтып кеткендей, ардагерлер - Қазақстан халқына бейбітшілік, тыныштық, береке, бақыт орнатқандар. Сұрапыл соғысты басынан өткеріп, бізді жеңіске жеткізген ағаларымызбен бабаларымызды, сол жылдарда қиындыққа төзіп, тылдағы ауыр жұмыстарды атқарып, сонысымен Жеңіс күндерді жақындатқан аналарымызды да мақтан тұтамыз. Соғыс майдангерлері Отанға деген шын сүйіспеншілігімен, ерліктерімен, қайсарлығымен, жігер - қайратымен, ел қорғау сезімімен келер ұрпаққа үлгі болды. Еліміздің тарихында, жалпы әлем тарихында Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің есімі өшпес ерліктерімен мәңгілікке жазылып қалды. Жалпы тарих үшін бұл азғана уақыт болса, адамзат өмірінде алатын орны ерекше.
Осыдан 75 жыл бұрын Ұлы Отан соғысы деген атпен тарихта өшпестей із қалған алапат қырғын басталып еді. Кеңес Одағындағы басқа халықтар секілді қазақтар да қолдарына қару алып,неміс-фашист басқыншыларына қарсы аяусыз күресті.Осы соғыста өзге ерлермен қатар ерлік көрсетіп, ұлттың абыройын асқақтатқан атамыз Кеңес Одағының батыры Рақымжан Тоқатайұлы Тоқатаевты мақтанышпен айта аламын.
Атам, Рақымжан Тоқатайұлы кім болған?
Рақымжан Тоқатайұлы 1923 жылдың қаңтар айының 5 жұлдызында Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Қаракемер ауылында дүниеге келді. 1939 жылы Есік қаласындағы Молотов атындағы орта мектепті бітіріп, сол Қаракемерден ашылған мұғалімдер дайындайтын курстың физика-математика бөлімін бітірді.
1941 жылы тамыз айында Қаракемердегі орта мектепке мұғалім болып орналасады.
1941 жылы тамыз айында Қызыл армия қатарына шақырылып, 1943 жылы Өзбекстан жерінен Ұлы Отан соғысына қатысады. Украина, Чехословакия жерлеріндегі ұрыстарға қатысқан. 1945 жылдың көктемiнде Карпат жотасында болған ұрыста 13 немiс танкiн атып жойды. Сол шайқаста көрсеткен ерлiгi үшiн «Кеңес Одағының Батыры» атағына ие болып, III дәрежелi «Даңқ орденiмен» марапатталды.
1946 жылы қаңтарда әскер қатарынан босап, Қаракемер ауылындағы Киров атындағы орта мектепте мұғалімдік қызметін жалғастырды.
1946 жылы тамызда Алматыдағы Абай атындағы пединститутына оқуға түсіп, 1950 жылы бітірген.
1950-1988 жылдары аралығында Есік қаласындағы Малькеев атындағы мектеп интернатында мұғалім, директор қызметтерін атқарған.
Алапат соғыс жылдарындағы Рақымжан Тоқатайұлының көрсеткен ерлігіне тоқталсақ
1941 жылы тамызда әскерге алынып, Алматының Малая станицасындағы бекiнiсте болған Р.Тоқатаевты артиллерия училищесiне алмай, жасақталған атты әскер полкiне жiбередi. Кейiн Тастақта бөлiмше командирлерi курсына оқуға барған. Одан Ташкент маңындағы Шыршық қаласында артиллерия училищесiнде көздеушi мамандығын оқыды.Сол жерден 1943 жылы мамыр айында соғысқа аттанды. 4-Украина майданының Қызыл тулы Станиславск, кейiн 4-Украина майданының Қызыл тулы Станиславск артиллериялық 1672 атқыштар полкында көздеушi болды. Алғашқы ұрыс Днепрде, I-Украин майданында басталды. Одан кейiн Киев, сосын Житомир, Фастово, Винницк, Бердичев және тағы да басқа қалаларды азат етуге қатысты. Бұдан басқа 4-Украин майданының құрамында Батыс Украинаны, Иваново-Франково, Мукачев, Ужгород жерлерiн жаудан босатуға атсалысты. Одан әрi қарай, Венгрия мен Чехословакияны фашист басқыншыларынан азат ету жорықтарына қатысты. Прага қаласын азат етуде Жеңiске жеткендiгiмiз туралы хабарды естiген Рақымжанның қуанышында шек болмаған едi. Тоқатаев фашистердің төбесіне оқ пен от ойната жүріп Бердычев, Винница, Чертков, Дороговичи, Самбор, Санок, Мукачев, Ужгород қалалары мен қоса Чехословакия жеріндегі Михаловск, Кишица, Зару деген қалаларды неміс басқыншыларынан азат етті.
Кеңес одағының Батыры Рақымжан Тоқатаевтың ерлігі мен мергендігі жайында «Сталинское знамя»атты майдан газеті бұл оқиға туралы 1945 жылы осылай жазған: «Н...елді мекен маңайында болған оқиға біздің бөлімге, тіпті бүкіл әскери құрамына танымалы болды.Сержант Рақымжан Тоқатаев танкке қарсы 76 мм зеңбіректің жетекшісі, жауынгерлік ерлік көрсетіп,бір ұрыста 13 неміс танкісін атып жойды».





Батырға көрсетілген құрмет
Қазіргі таңда Еңбекшіқазақ аудандық атқару комитетінің 1991 жылы шілде айының 16-шы жұлдызында номері 8-243-ші шешімімен Есік қаласындағы қазақ мектебіне Кеңес Одағының Батыры Рақымжан Тоқатаевтың аты берілді. Атам қызмет жасаған жолда, қазіргі таңда мектебімізде өз-істерінің маманы, аяулы ұстаздар еңбек етуде. Қаншама білімді,болашаққа деген сенімдері айқын түлектер шықты. Қаламыздың бетке ұстар білім ордасы деп нық сеніммен айта аламын. Міне менде батыр атамның атынан аталған мектепте 11 жыл талмай оқып, мектепті Алтын белгімен бітірдім. Қазірігі сәтте АЭжБу университетінде грантта оқып, ай сайын шәкіртақы аламын. Бұл мен үшін үлкен мақтаныш.

Есік қаласындғы бір көшеге Рақымжан Тоқатаев есімі берілді.
Қаракемер ауылында Мәдениет үйінің алдында қос батыр Қ.Жаманқараев, Р.Тоқатаев мүсіні қойылған.

Батыр атындағы орта мектепте Р.Тоқатаевқа
арналған шағын мұражай орналасқан

Ата ерлігі - елге өнеге
Ақын Тұманбай Молдағалиев атамыз Рақымжан атаның 80 жылдық
тойында оқыған өлеңінде:
Өзін көрдім мен кеңнің, кемеңгердің,
Шәкіртімін Рақымжан деген ердің!
Батырлықты көрдім мен өз қасымнан
Жігіттіктің жұлдызын және көрдім,− деп Батырдың физика пәнінен дәріс берген ұстаз екенін мақтанышпен жырлаған.
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев жастарға арнаған бір сөзінде: «Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, адамзаттық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып-көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп, еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!», – деген еді. Бұл сөздерді қайталап оқыған сайын біздегі жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік қасиет қандай деңгейде екен деген заңды сұрақ туындайды. Аға ұрпақ алып берген Жеңіс бүгінгі күні де бізді жетістіктерге жігерлендіреді, жанымызға қуат береді, қиындықтарды жеңіп, алға ұмтылуымызға көмектеседі. Аудан тұрғындары Рақымжан Тоқатаевтай ұлдарының ерлігі мен батырлығына әркез құрметпен қарап, мәңгі тағзым жасайды. Рақымжандай адал ұлдың соғыстағы ерлігі лайықты бағаланды. Еліміздің жоғарғы марапаты - Кеңес Одағының атағына ие болды. Бұл біз үшін үлкен мақтаныш.
Екі рет «Халық ағарту ісінің үздігі» белгісімен және Жоғарғы Кеңестің құрмет грамоталарымен марапатталған. Бірнеше рет ауылдық Кеңестің депутаттығына сайланған, сонымен қатар, бірнеше жыл қатарынан аудандық партия комитетінің мүшесі ретінде сайланған. Өте қарапайым, білімді ақсақалдың ерлігін аға буын азаматтар білгенмен, кейінгі ұрпақ біле бермейді. Кең даламызды жауға таптатпаған батырларымыздың ерен ерлігін кейінгі ұрпақтарға үлгі етіп жеткізу, біздің азаматтық, адамдық борышымыз. Атамызға арналған қаһармандық рухтағы ескерткіштер батырдың азаматтық,ерлік тұлғасына, Ұлы Отан соғысының отты жылдардағы ерліктеріне, одан кейінгі уақыттағы ұлағатты өмір жолына арналған өшпес мұра болып саналады. Кеңес Одағының батыры Р.Тоқатаевтың ерлігі-елге өнеге.
Рақымжан Тоқатайұлы 2011 жылдың 4 желтоқсан күні Есік қаласында дүниеден өтті. Туған жері Қаракемер ауылында жерленген.
Батыр туралы кысқаша видео роликті мына сілтеме бойынша көрулеріңізге болады.
https://www.youtube.com/watch?v=R8uQsQOxmvs
Министерство образования и науки Республики Казахстан (далее - МОН РК) объявляет о проведении конкурса на грантовое финансирование по научным и (или) научно-техническим проектам на 2020-2022 годы(фундаментальных и прикладных научных исследований) по приоритетным направлениям развития науки (Научные основы «Мәңгілік ел» (образование XXI века, фундаментальные и прикладные исследования в области гуманитарных наук); Энергетика и машиностроение; Рациональное использование природных, в том числе водных ресурсов, геология, переработка, новые материалы и технологии, безопасные изделия и конструкции; Науки о жизни и здоровье; Информационные, телекоммуникационные и космические технологии;Научные исследования в области естественных наук; Устойчивое развитие агропромышленного комплекса и безопасность сельскохозяйственной продукции; Национальная безопасность и оборона) и специализированным научным направлениям согласно Конкурсной документации.
Конкурсная документация размещена на сайте МОН РК (https://www.gov.kz/memleket/entities/edu) и на сайте Комитета науки(https://www.gov.kz/memleket/entities/sc). Ответственное лицо, осуществляющее разъяснения по конкурсной документации и оформлению заявки - Койшыгулова Лаура, телефон 8 (7172) 74-24-68, 74-20-29, 74-19-04, по финансовым вопросам – Шаймагамбетов Еркин, телефоны - 8 (7172) 74-16-53, по проекту договора – Можанова Альбина 8 (7172) 74-24-67. Callcenter– 1450. Время работы: пн. - пт., 9:00 – 18:30, обед 13:00 – 14:30.
Callcenter по работе с информационной системой АО «НЦГНТЭ» (is.ncste.kz) для регистрации заявок и получения ИРН: 8-727-355-50-01 (внутр. 210, 216, 217, 218, 219, 221, 224, 226, 227, 228, 229, 231, 232, 233, 234, 235, 236). Время работы: пн. - пт., 9:00 – 18:30, обед 13:00 – 14:30.
Конкурсные заявки подаются в Комитет науки МОН РК в электронном виде, заверенные электронной цифровой подписью научного руководителя проекта и заявителя, через информационную систему АО «НЦГНТЭ» по ссылке: https://is.ncste.kz. Начало приема заявок – с 11 мая 2020 года.
Окончательный срок представления заявок - 26 июня 2020 года (включительно).
Копировать ссылку