01.03.2021

ӘЛЕУМЕТТАНУ ПӘНІНЕН ЖАҢА ОҚУЛЫҚТАРДЫ ПАЙДАЛАНУ ТӘЖІРИБЕСІНЕН

ӘЛЕУМЕТТАНУ ПӘНІНЕН ЖАҢА ОҚУЛЫҚТАРДЫ  ПАЙДАЛАНУ ТӘЖІРИБЕСІНЕН

Рухани жаңғыру – қазақстандықтардың салт-санасы мен дүниетанымын өзгертетін қозғаушы күш. Қазіргі қоғам - көзқарасы қалыптасқан зерделі де, зерек тұлға тәрбиелеуі тиіс. Ол үшін ілім-білімге ұмтылып, жан-жақты жетілген жөн. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласында «бізге инженерлер мен дәрігерлер ғана емес, қазіргі заманды және болашақты терең түсінетін білікті гуманитарлық сала мамандары да ауадай қажет» екенін айтты. Тарих пен саясаттану, әлеуметтану мен философия, психология, педагогика, экономика, мәдениеттану және филология ғылымдары бойынша студенттерге заманға лайық білім беруге қажетті жағдай жасауды тапсырды.

Әлеуметтану – қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары зерттейтін пайдалы да аса қызықты ғылым болып саналады.

\"\"

Корнелл университетінің профессоры Джордж Ритцердің «»Әлеуметтану теориясы» ғылымның өзекті мәселелерін классикалық және қазіргі көзқарастарды ұштастыра отырып талдайды. Бұл кітапта алғашқы ақпарат жинау әдістерін аламыз, мұның ішінде ақпаратты өңдеу мәселесі, эксперимент жасау, бақылау жасау, алғашқы ақпарат жинау тәсілдері, барлық кітаптар теория жүзінде ғана емес практика жүзінде де қарастырылған. Әлеуметтік зетрттеулердің қорытындыларының көрсеткіштері келтіріліп, студенттерге өте түсінікті жазылған, сол себепті олардың кітапқа деген қызығушылығын оятады.

\"\"

Көрсетілген оқулыкта көп көніл төмендегі слайдтағы мәселелерге бөлінеді. Алғашқы кіріспелік тақырыптарда студенттерге анықтамалар, кездесетін негізгі категориялар толығымен көрсетіледі.

\"\"

\"\"

Дэвид Бринкерхоф бастаған америкалық әлеуметтанушылардың «Әлеуметтану негіздері» оқулығы қоғам және оның құрылым жөнінде кең мәлімет береді. 15 тараудан тұратын бұл кітап теория жағынан және әлеуметтнаушылардың өмірбаяны арқылы, олардың әлеуметтік көзқарастарын байқаймыз. Әр тақырып глосарийден басталады, барлық кездесетін әлеуметтану ұғымдарының мағынасы толық талқыланған. Сонымен бірге оқулықта мысалдар келтіріледі, қарапайым түсінікті тілде жазылған. Мысал ретінде, қолданып отырған тақырыптар:

Қоғамның әлеуметтік құрылымы;

Әлеуметтік стратификация;

Өмір бойы әлеуметтендіру: институттар мен үрдістер;

Отбасы әлеуметтануы және т.б.

Барлық тақырыптардан презентациялар құрастырылған, жаңа ақпараттар қосылды.

\"\"

Авторларға сапалы маңызды жұмысы студенттер атыннан ризашылық білдіреміз.

Дина ОРЫНБЕКОВА

ӘП кафедрасының профессоры

Copy link Копировать ссылку copy link iwitter link facebook link linkedin link

Новости Energo University

Похожие новости

Новости Energo University

Похожие новости
Предыдущий Следующий
Посмотреть все