31.08.2021

ҰЛТТЫҢ ҰЙЫСУЫ – БӘРІНЕН ҚЫМБАТ

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың келесі - 2022 жылға арналған кезекті Жолдауының мән-мағынасы- ортақ іске бүтіндей ұлтты ұйыстыра білуге жұмылдыру екендігі байқалады. Бұның өзі еліміздің жақын арадағы басым бағыттарының қатарынан орын алатынын тілге тиек еткен Президент, ата-бабаларымыздан қалған «Жабыла көтерген жүк жеңіл», немесе «көп түкірсе - көл» деген қасиетті мақамдарын басшылыққа алудың негізінде жүзеге асатынын қадап айтты. Яғни, Ұлы Дала еліндегі зиялы қауым күшімен салиқалы пікір айтылған жерде, оны нақты іспен нәтижелі орындап шығу үшін дана халықтың асыл сөздеріне үнемі жүгінуі керек екеніне елдің көзін жеткізді.

Осы ой жетегіндегі Президент, 7-ші шақырылған парламенттің 2-ші сессиясындағы халыққа арналған Жолдауында, 30 жылдық тарихы бар біздің мемлекетіміздің іргелі ел ретінде тұрақты қоғам болып қалыптасуында және жастарымыздың болашаққа деген сенімді көзқарасын орнықтырудағы Тұңғыш Президенттің рөлін айта келе, 2021-ші жылдағы жеткен жетістіктер мен алдағы мақсат-міндеттерді айқындап берді. «Пандемия жағдайына қарамастан, - дейді президент, - біз Орта Азиядағы көшбасшылық рөлімізді сақтап қалуымыз керек». Расында, барлық жағынан қуатты даму иниституттары қалыптасқан біздің еліміз, жаппай цифрлық формат жүйесіне көшудің барысында, таяу жылдардың өзінде әлем таныған елдер қатарынан көрінуі ғажап емес. Президент, бұндай көрсеткіштерге жетудің мүмкіндіктерін де баяндап жеткізді. Бұл орайда, ең алдымен аграрлық саладағы дәстүрлі мал шаруашылығын дамытуда белсенділік көрсетіп отырған жеке қосалқы шаруа қожалықтарының кейінгі жылдардағы жетістіктерін бағалай білудің қажеттілігі айтылып, оларға ветеринарияның қазіргі заманғы барлық дамыған түрлерімен жәрдемдесіп, бөлінетін субцидияның талан-таражға түсіп кетпеуін мемлекет тарапынан қадағалануын ескертті. Бір сөзбен айтқанда, Жолдаудан байқағанымыздай, келесі жылдары аграрлық секторды өнеркәсіп саласындағы мемлекеттік саясатпен ұштастырудың қажеттігі кезек күттірмейтін мәселеге айналатын түрі бар.

Көрші ТМД елдерінің ішінде алдыңғы орындарынан көріну үшін бүгінгі күндері байқалып отырған тағы бір үлкен мүмкіндік, Жолдауда айтылғандай, жастардың білім алу мен ғылымды игеруге деген ұмтылысының жоғары болуы. Президенттің айтысында, қазіргі таңдағы жастар, өз білімін шыңдауда әсіресе техникалық ғылымдар саласы бойынша өтетін халықаралық олимпиядаларда жүлделі орындарға ие болып жүрсе, бұл біздің нарықтық әрі цифрлық эканомика жағдайындағы болашақ маман кадрларымыздың барынша білікті болмысына жол ашатын жақсы үдеріс болып табылады. Бүгінгі таңдағы жастардың педагогикалық мамандықтарға деген сұраныстарының өсіп отырғаны да, жастардың тәрбиеге деген ықыласын арттырып отыр. Бұл дегеніміз, білім мен тәрбие ұштасқан жерде, ғылымның дамуына да жол ашылады деген сөз. Ал, ғылымды қайта жаңғыртудағы басты міндет-ғылымды дамыту заңнамасына өзгерістер жасау жолымен шешуді мақсат етіп отырған мемлекет құзырындағы таяу болашақтың ісі екенін де Президент елдің есіне салды.

Жинақтап айтар болсақ, жоғарыдағы аталмыш мүмкіндіктердің шешімі көбіне-көп әлеуметтік мәселерге қатысты шешіледі емес-пе? Осы тетікті дер кезегінде байқаған Президент, өз Жолдауында Қазақстанның әлеуметтік мемлекет екенін айта келе, осы атауға сай жұмыс істеудің маңыздылығына көңіл бөлді. Осы орайда ол «Ала берсем!» деген орынсыз пиғылдардан арылып, ондай өрескелдіктердің ұлт тәрбиесіне түбегейлі әсер етуінен халқымызды сақтандырды. Ендеше, Президент айтқандай, көп ұлтты мемлекетіміздегі мақсатымыз айқын, тілеуіміз бір. Олай болса, осы іргесі сөгілмеген бірнеше ұлтты мемлекет жағдайындағы мақсатымызды жүрекпен қабылдап, тілеуімізді орнықтыратын ҰЛТТЫҢ ҰЙЫСУЫ – БӘРІНЕН ДЕ ҚЫМБАТ.

Берлібаев Б.Т.,

т.ғ.д., Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ-дегі

Әлеуметтік пәндер кафедрасының профессоры

 

Copy link Копировать ссылку copy link iwitter link facebook link linkedin link

Новости Energo University

Похожие новости

Новости Energo University

Похожие новости
Предыдущий Следующий
Посмотреть все