Все мероприятия

Академиялық іс-шара

«Жылуэнергетика» білім беру бағдарламасы бойынша студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының республикалық конкурсының II кезеңінің қорытындылары

21 мамыр 2026

2026 жылғы 21 мамырда «Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті» КеАҚ базасында «Жылуэнергетика» білім беру бағдарламасы бойынша студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының (СҒЗЖ) жыл сайынғы республикалық конкурсының II кезеңі өткізілді.

Конкурстық комиссияның қарауына Қазақстан Республикасының 5 жоғары оқу орнынан ұсынылған 10 ғылыми-зерттеу жұмысы келіп түсті. Конкурсқа барлығы 14 студент пен 9 ғылыми жетекші қатысты. Конкурс Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылып, жылуэнергетика саласындағы студенттердің ғылыми-зерттеу қызметін дамытуға, инновациялық әзірлемелерді қолдауға және жас зерттеушілердің ғылыми әлеуетін арттыруға бағытталды.

Ұсынылған жұмыстар жылуэнергетиканың өзекті мәселелерін қамтыды. Атап айтқанда, жасанды интеллект әдістерін қолдана отырып жылуэнергетикалық процестерді модельдеу және есептеу, газтурбиналық қондырғыларды, жылу сорғыларын және тоңазытқыш циклдерін зерттеу, жылуэнергетикалық нысандардың сумен жабдықтау және су дайындау жүйелерін жетілдіру, жылутехникалық жабдықтардың тиімділігін арттыру, сондай-ақ энергетикалық қондырғылар жұмысының экологиялық аспектілері қарастырылды.

Конкурс қорытындыларын шығару барысында зерттеулердің өзектілігі мен ғылыми жаңалығы, алынған нәтижелердің практикалық маңыздылығы, ұсынылған материалдардың дайындалу деңгейі және орындалған зерттеулердің сапасы ескерілді. Бағалау нәтижелері бойынша «Жылуэнергетика» білім беру бағдарламасы бойынша студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары республикалық конкурсының II кезеңінің жеңімпаздары анықталды.

Министрліктің I дәрежелі дипломы:

«Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті» КеАҚ

Алимбеков Вилен Виленович

Ғылыми жетекшісі: ф.-м.ғ.к., қауымдастырылған профессор Борисова Нина Гавриловна

Жұмыс тақырыбы: «Численные методы и искусственный интеллект в моделировании и расчетах теплоэнергетических процессов»

Министрліктің II дәрежелі дипломы:

«Торайғыров университеті» КеАҚ

Ададуров Владимир Артемович

Ғылыми жетекшісі: т.ғ.к., профессор Кинжибекова Акмарал Кабиденовна

Жұмыс тақырыбы: «Исследование влияния насыпной плотности на аэродинамическое сопротивление слоя топлива в топках котельных агрегатов»

«Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті» КеАҚ

Төлембай Нұрасыл Есенжанұлы

Ғылыми жетекшісі: т.ғ.д., профессор Достияров Абай Мұхаммедиярұлы

Жұмыс тақырыбы: «Газтурбиналық қондырғылардағы азот оксидтерінің түзілу процесі және оны азайту жолдары»

Министрліктің III дәрежелі дипломы:

«Шәкәрім университеті» КеАҚ

Амандинова Аружан Дастановна, Карпов Вадим Евгеньевич

Ғылыми жетекшілері: т.ғ.к., қауымдастырылған профессор Ермоленко Михаил Вячеславович; т.ғ.к., профессор Степанова Ольга Александровна

Жұмыс тақырыбы: «Исследование характеристик циклов тепловых насосов с альтернативными холодильными агентами»

«Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті» КеАҚ

Сайлаубек Ибраһим Бауыржанұлы

Ғылыми жетекшісі: PhD, аға оқытушы Булкаирова Гульден Айтбаевна

Жұмыс тақырыбы: «Қарағанды қаласындағы №1 ЖЭО сумен қамтамасыздандыру жүйесін зерттеу»

«Шәкәрім университеті» КеАҚ

Қадырболат Нұрлат Ерболұлы

Ғылыми жетекшісі: «Шәкәрім университеті» «Қатайтатын технологиялар мен жабындар» Инжинерлік орталығының жетекші ғылыми қызметкері Курмангалиев Ринат Хамитулы

Жұмыс тақырыбы: «Анализ влияния антикоррозионного покрытия Cr3C2-NiCr на теплоотдачу труб паропровода БКЗ-75»

Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті «Жылуэнергетика» білім беру бағдарламасы бойынша студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары республикалық конкурсының жеңімпаздарын шын жүректен құттықтайды және қатысушыларды жоғары деңгейде дайындағаны, сондай-ақ жастардың ғылыми-зерттеу әлеуетін дамытуға қосқан үлесі үшін ғылыми жетекшілерге алғыс білдіреді.

Жас зерттеушілерге ғылыми қызметте толағай табыстар, жаңа жетістіктер, кәсіби өсу және жылуэнергетика мен энергетика саласындағы перспективалы жобаларды табысты жүзеге асыруды тілейміз.