Академиялық іс-шара
«Телекоммуникациялар» бағыты бойыншаXVIII Республикалық студенттік пәндік олимпиада
24 сәуір 2026
EnergoUniversity базасында XVIII Республикалық студенттік пәндік олимпиада өтті
2026 жылғы 24 сәуірде Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінде «6В062 – Телекоммуникациялар» білім беру бағыты бойынша XVIII Республикалық студенттік пәндік олимпиаданың II кезеңі өтті.
Олимпиадаға Қазақстан Республикасының 12 жоғары оқу орнынан 29 студент қатысты. Қатысушылар Астана, Алматы, Қарағанды, Өскемен және Петропавл қалаларынан келді.
Олимпиада электрлік байланыс теориясы, электр тізбектері теориясы және схемотехника пәндері бойынша өткізілді. Байқау қатысушылар жұмыстарының объективтілігі мен ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында шифрлау жүйесі арқылы жазбаша форматта ұйымдастырылды.
Іс-шараның ашылу салтанатына университет басшылығы, профессор-оқытушылар құрамы және командалардың ғылыми жетекшілері қатысты. Олимпиада аясында қатысушылар үшін мәдени бағдарлама мен қонақ дәрісі ұйымдастырылды.
Олимпиада қорытындысы бойынша жеңімпаздар Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің I, II және III дәрежелі дипломдарымен марапатталды.
Олимпиада жеңімпаздары
I орын –
Иманғазы Айнадин Еркінұлы
(әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті)
II орын –
Сұлтан Асылжан Амантайқызы
(Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті)
Кулаков Максим Алексеевич
(С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті)
III орын –
Дұман Айдана
(«Тұран» университеті)
Ивченко Дмитрий Андреевич
(М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті)
Эгамбердиев Шухрат Бахтиёругли
(Халықаралық инженерлік-технологиялық университет)
Олимпиада студенттердің кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға, дарынды жастарды анықтауға және жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталды.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және барлық қатысушылар мен ғылыми жетекшілерге белсенді қатысқандары үшін алғыс білдіреміз!
Энерго университетіндегі ғылым