Академиялық іс-шара
«Ақпараттық жүйелер» білім беру бағдарламасы бойынша СҒЗЖ республикалық конкурсының II кезеңінің қорытындылары
19 мамыр 2026
2026 жылғы 19 мамырда Ғ.Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің базасында «6В06102 – Ақпараттық жүйелер» білім беру бағдарламасы бойынша студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының (СҒЗЖ) жыл сайынғы республикалық конкурсының II кезеңі өткізілді. Конкурс Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылып, ақпараттық жүйелер саласындағы студенттердің ғылыми-зерттеу қызметін дамытуға, инновациялық жобаларды қолдауға және жас зерттеушілердің ғылыми әлеуетін арттыруға бағытталды.
Конкурстық комиссияның қарауына Қазақстан Республикасының 32 жоғары оқу орнынан ұсынылған 59 ғылыми-зерттеу жұмысы қабылданды. Байқауға барлығы 85 студент пен 51 ғылыми жетекші қатысты. Ұсынылған жұмыстар жасанды интеллект, машиналық оқыту, табиғи тілді өңдеу, компьютерлік көру, ақпараттық қауіпсіздік, интеллектуалды ақпараттық жүйелерді әзірлеу, білім беру жүйелерін цифрландыру, веб және мобильді технологиялар, сондай-ақ деректерді талдау және автоматтандыру бағыттарын қамтыды.
Конкурстық комиссия мүшелері ғылыми жұмыстарды өзектілігі, ғылыми жаңашылдығы, практикалық маңыздылығы, зерттеу әдістемесінің негізділігі және алынған нәтижелердің сапасы бойынша бағалады.
Бағалау нәтижелері бойынша республикалық конкурстың II кезеңінің жеңімпаздары анықталды.
І дәрежелі диплом
Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті
Байсалханов Темірлан Аянұлы
Ғылыми жетекшісі: т.ғ.к., профессор Кумаргажанова Сауле Кумаргажановна
Жұмыс тақырыбы: «Машиналық оқыту әдістері негізінде мәтіндегі суицидтік идеяларды анықтаудың ішкі жүйесін әзірлеу»
ІІ дәрежелі диплом
Алматы технологиялық университеті
Нуран Жандос Маратұлы
Ғылыми жетекшісі: PhD, қауымдастырылған профессор Тогжанова Кульжан Ондрисовна
Жұмыс тақырыбы: «Екі деңгейлі аутентификация жүйесін әзірлеу»
Қазақ-Британ техникалық университеті
Даниярулы Мухамедали
Ғылыми жетекшісі: PhD, ассистент-профессор Смайыл Асель Маралбайқызы
Жұмыс тақырыбы: «Adapting Vision-Language Models for Low-Resource Agglutinative»
ІІІ дәрежелі диплом
М.Тынышпаев атындағы ALT университеті
Жұмахан Диана Нұрланқызы, Рүстем Аружан Аралбекқызы
Ғылыми жетекшілері: Исмагулова Жулдыз Сәуелхановна, Касымова Динара Тугелбековна
Жұмыс тақырыбы: «Қазақстан азаматтарына құқықтық көмек көрсету үшін жасанды интеллект негізіндегі интеллектуалды жүйені әзірлеу»
Ғ. Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті
Жанұзақ Аян Оразалыұлы, Уайсов Демеу Жанарысұлы
Ғылыми жетекшісі: PhD, доцент Бекетова Гулжанат Сакитжановна
Жұмыс тақырыбы: «Білім беру мекемелері үшін сабақ кестесін қалыптастырудың автоматтандырылған ақпараттық жүйесін әзірлеу»
Қ. Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университеті
Рамазанова Аяна Маратовна, Кожахмет Әділет Қайратұлы
Ғылыми жетекшісі: ф.-м.ғ.к., қауымдастырылған профессор, МАИН академигі Рыстыгулова Венера Ботабаевна
Жұмыс тақырыбы: «Исследование и разработка интеллектуальной информационной системы диагностики растений на основе компьютерного зрения»
Ғ.Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті республикалық конкурстың барлық жеңімпаздарын шын жүректен құттықтайды және ғылыми жетекшілерге студенттердің ғылыми-зерттеу әлеуетін дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс білдіреді.
Жас зерттеушілерге ғылыми ізденістерінде табыс, жаңа жетістіктер мен инновациялық жобаларды жүзеге асыруда шығармашылық шабыт тілейміз.
Энерго университетіндегі ғылым