Кітапхана 13.10.2026

АЭжБУ IPR SMART сандық білім беру платформасына тегін қолжетімділік ашты

Құрметті студенттер мен оқытушылар!

АЭжБУ кітапханасы IPR SMART сандық білім беру платформасы мен электронды кітапханасына тегін қолжетімділік ашылғанын хабарлайды.

IPR SMART оқу және ғылыми әдебиеттерді, мерзімді басылымдарды және оқыту мен сабақ беруге арналған заманауи сандық құралдарды біріктіреді. Ресурс сабақтарға дайындалуда, өзіндік жұмыстарды орындауда, зерттеулер жүргізуде және оқу материалдарын әзірлеуде пайдалы болады.

Платформада қолжетімді:

  • оқулықтар, ғылыми монографиялар мен мерзімді басылымдар;

  • техникалық, жаратылыстану-ғылыми, экономикалық, гуманитарлық және басқа бағыттар бойынша әдебиеттер;

  • басылымдардың мазмұны бойынша толық мәтінді іздеу;

  • кітаптарды сақтау және жеке кабинетте материалдармен жұмыс істеу;

  • ынғайлы уақытта оқуға арналған мобильді қосымша.

Платформаға өту: www.iprbookshop.ru

Тіркелу және есептік жазба деректерін алу үшін АЭжБУ кітапханасына хабарласуыңызды және Инстаграмдағы @energo.library жаңалықтарын бақылап отыруыңызды сұраймыз.

Хабарландырулар мен хабарландырулар

Мұғалімдер

Кітапхана

Copy link Сілтемені көшіру copy link iwitter link facebook link linkedin link

Жаңалықтар Energo University

Ұқсас жаңалықтар

Жаңалықтар Energo University

Ұқсас жаңалықтар
Предыдущий Следующий
Ұқсас жаңалықтар