Дрондар 20.08.2026

Energo University (АЭжБУ) студенті республикалық Drone Cup жарысының жеңімпазы атанды!

Аэроғарыштық және электрондық инженерия кафедрасының ЭИТк-25-2А тобының студенті Қазымов Даниял «Қазақстан инжиниринг» ҒЗТКЖ орталығы ұйымдастырған бағдарламаланатын дрондар мен дронрейсинг бойынша республикалық «R&D Kazakhstan Engineering Drone Cup» байқауында Student санаты бойынша 1-орын иеленді.

Жарыс 2026 жылғы 19 тамызда Астана қаласында өтті. Байқау бағдарламасында бағдарламаланатын дрондар жобаларының конкурсы, симулятордағы дронрейсинг және шағын квадрокоптерлермен (FPV) дронрейсинг сияқты бірнеше бағыт қамтылды.

Бұл жеңіс — Даниялдың талантының, мақсатқа ұмтылысының және тынымсыз еңбегінің нәтижесі.

Даниялды тамаша нәтижесімен шын жүректен құттықтаймыз! Сондай-ақ оның кәсіби дайындығы мен қолдау көрсеткен жетекшілері — Нұрғизат Еркебұлан мен Мақсұт Әнуарға алғысымызды білдіреміз!

Алдағы уақытта да жаңа жеңістерге, жарқын жетістіктерге және биік белестерді бағындыруға тілектеспіз! 

Ғарыш

Дрондар

Copy link Сілтемені көшіру copy link iwitter link facebook link linkedin link

Жаңалықтар Energo University

Ұқсас жаңалықтар

Жаңалықтар Energo University

Ұқсас жаңалықтар
Предыдущий Следующий
Ұқсас жаңалықтар