Ұлттың ұлылығын арттырып, рухани құндылығын сақтаушы – ҰЛАҒАТ.
Ұлағат ұжымы университет қабырғасында 2008 жылдан бері үздіксіз жұмыс істеп келеді.
Ұжымның басты мақсаты – ата-бабаларымыздан қалған құнды мұрамызды, атап айтқанда, тілімізді, салт-дәстүрімізді, ұлттық мәдениетіміз бен қазақы құндылықтарымызды, сондай-ақ төл тарихымыз бен дара тұлғаларымызды бүгінгі жаһандану дәуіріне сай дәріптеу, ұрпақтар сабақтастығын сақтап, әрі қарай дамыту. Осы мақсат аясында университетте патриоттық кештер, белгілі бір тұлғаларға арналған конференциялар мен поэзия кештері жиі ұйымдастырылады.
Ұлағат — бұл ең керемет студенттік кезеңнің толғанысы мен ұмытылмас естеліктеріне толы жер, оны әрбір студент көздерінде оты бар, өмірдің ең қызықты кезеңін өткеріп жатқан жан үшін міндетті түрде сезінуі тиіс.