27.04.2023

Consultative seminar on the topic \"SCENARIOS FOR DECARBONIZATION OF THE EXTRACTIVE INDUSTRY OF THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN\"

19 сәуірде Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінде (АЭжБУ) Ғылым және жоғары білім министрлігі  мен АЭжБУ-дың қолдауымен «ҚР ӨНДІРУШІ ӨНЕРКӘСІПТІ ДЕКАРБОНИЗАЦИЯЛАУ СЦЕНАРИЙЛЕРІ» тақырыбында «Жасыл Академия» ғылыми-білім беру орталығы ұйымдастырған консультациялық семинар өтті.

Іс-шараның мақсаты Қазақстан Республикасының 2060 жылға дейінгі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясын іске асыру жоспарын дайындау үшін өнеркәсіпті декарбонизациялау бағыттарын талқылау болды.

Семинарға мемлекеттік органдар, ҚР ҰҒА, ҒЗИ, ЖОО, бизнес өкілдері, халықаралық және ұлттық сарапшылар, ҮЕҰ өкілдері қатысты.

Қазақстандағы ынтымақтастық жөніндегі ЕО Өкілдігінің басшысы доктор Йоханнес Баур, Қ. Сәтпаев ат. ҚазҰТЗУ Гидрогеология және геоэкология институтының директоры Малис Абсаметов,  Ғұмарбек Дәукеев ат. АЭжБУ Біліктілікті арттыру институтының директоры Р. Сатова, GFC/AIFC бас директоры А. Қазыбаев, OECD/IDDRI/EFI жобасының үйлестірушісі Г. Сафонов, Л. Н. Гумилев ат. «ЕҰУ» КеАҚ «Энергия үнемдеу және энергия тиімді технологиялар» ҒЗИ директоры А.Алимгазин, Жылу энергетика және басқару жүйелері институтының директоры А. Бегімбетова баяндама жасады.

 Қазақстанда 2060 жылға дейін төмен көміртекті даму және көміртекті бейтараптыққа қол жеткізу энергетикалық жүйені терең өзгертуді талап етеді, осыған байланысты семинарды өткізу барысында АЭжБУ ғалымдарының энергетика объектілерінің қоршаған ортаға теріс әсерін азайту саласындағы ғылыми әзірлемелері атап өтілді.

Copy link Related news copy link iwitter link facebook link linkedin link

Energy University News

Related news

Energy University News

Related news
Предыдущий Следующий
Related news