Гранттар мен шәкіртақылар
Білім беру бағдарламаларының топтары аясында 2025-2026 оқу жылына жоғары білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы
2025-2026 оқу жылына білім беру бағдарламалары топтары бойынша грантқа өткен шекті балдар
| № | Білім беру бағдарламалары тобының атауы | Толық оқу (Жалпы конкурс бойынша) | Толық оқу (Ауыл квотасы бойынша) | Қысқартылған оқу (Жалпы конкурс бойынша) |
|---|---|---|---|---|
| 1 | В057-Информационные технологии | 96 | 53 | 28 |
| 2 | В058-Информационная безопасность | 62 | 25 | |
| 3 | В059-Коммуникация және коммуникациялық технологиялар | 68 | 56 | |
| 4 | В062-Электротехника және энергетика | 58 | 50 | 25 |
| 5 | В063-Электротехника және автоматтандыру | 61 | 25 | |
| 6 | В064-Механика және металл өңдеу | 50 | ||
| 7 | В067-Әуе көлігі және технологиялар | 74 | ||
| 8 | В094-Санитариялық-профилактикалық іс-шаралар | 67 | 59 | |
| 9 | В183-Агроинженерия | 50 |
2024-2025 оқу жылына жоғары білімді мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы
| Білім беру бағдарламалары тобының атауы | Барлығы | Толық оқу | Қысқартылған оқу |
|---|---|---|---|
| В057-Информационные технологии | 5131 | 4831 | 300 |
| В058-Информационная безопасность | 3068 | 2768 | 300 |
| В059-Коммуникациялар және коммуникациялық технологиялар | 1200 | 1050 | 150 |
| В062-Электротехника және энергетика | 2220 | 2190 | 30 |
| В063-Электротехника және автоматтандыру | 1200 | 1170 | 30 |
| В064-Механика және металл өңдеу | 1800 | 1730 | |
| В065-Тасымалдау техникасы және технологиялары | 856 | 836 | |
| В067-Әуе көлігі және технологиялар | 335 | 325 | |
| В094-Санитариялық-профилактикалық іс-шаралар | 134 | 134 | |
| В162-Жылу энергетикасы | 130 | 130 | |
| В183-Агроинженерия | 400 | 300 | 100 |
«АУЭС» коммерциялық емес акционерлік қоғамының тұңғыш ректоры Г.Ж. Дәукеевтің атындағы атаулы стипендия күндізгі оқу бөлімінде оқитын, оқу шығындарын толық өтейтін «АУЭС» студентіне бір оқу жылына беріледі. Студенттер байқауы «АУЭС» байқау комиссиясымен өткізіледі.
«АУЭС» коммерциялық емес акционерлік қоғамының тұңғыш ректоры Г.Ж. Дәукеевтің атындағы атаулы стипендия тағайындау байқауына «АУЭС»-тің үшінші курсын сәтті аяқтаған және төртінші курста оқитын, төртінші курстағы студенттер арасында жоғары GPA рейтингі бар студенттер қатыса алады.
Төмендегі санаттарға жататын студенттерге басымдық беріледі:
1) ата-анасынан айырылған жетім балалар немесе ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар;
2) бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар;
3) топ, факультет, университеттің қоғамдық өміріне белсене араласатын және/немесе халықаралық, республикалық, аймақтық олимпиадалар мен байқаулардың (ғылыми, спорт, шығармашылық және т.б.) жеңімпаздары болып табылатын студенттер.
«АУЭС» КЕАҚ тұңғыш ректоры Г.Ж. Дәукеевтің атындағы атаулы стипендияның қаржыландыру көлемі 25 АЕК құрайды.
«АУЭС» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Тұңғыш ректоры Г.Ж. Дәукеевтің атындағы атаулы білім беру гранты (бұдан әрі — «АУЭС») толық ақылы негізде оқитын «АУЭС»-тің күндізгі бөлім студентіне бір оқу жылына «АУЭС» конкурстық комиссиясының шешімімен тағайындалады.
«АУЭС»-те бірінші курсты сәтті аяқтаған және «АУЭС»-тің екінші курсында оқитын, екінші курс студенттері арасында жоғары GPA көрсеткішіне ие студенттер осы грантты тағайындау конкурсына қатыса алады.
«АУЭС» коммерциялық емес АҚ Тұңғыш ректоры Г.Ж. Дәукеевтің атындағы атаулы білім беру грантын тағайындау кезінде мына санаттар артықшылыққа ие:
1) ата-анасынан айырылған жетім балалар және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар;
2) бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар;
3) топтың, факультеттің, университеттің қоғамдық өміріне белсенді қатысып жүрген және/немесе халықаралық, республикалық, аймақтық байқаулар мен сайыстардың жеңімпаздары болған студенттер.