Ректор
2017 - 2023
Сәуле Саветқызы Сағынтаева
2017-2023 жылдар аралығында басқарған «Алматы энергетика және байланыс университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының жетінші ректоры.
Экономика ғылымдарының докторы, физика-математика ғылымдарының кандидаты, математика кафедрасының профессоры, ХАА академигі. 120-дан астам ғылыми және ғылыми-әдістемелік басылымдардың, оның ішінде 5 монографияның, 6 оқулық пен оқу-әдістемелік құралдардың авторы. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының диссертациялық кеңесінің мүшесі; Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің сарапшысы (университеттерді және білім беру бағдарламаларын аккредиттеу). Басқарма төрағасы – «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» ҰӘҚ ректоры.