Ректор
2014 - 2016
Қайрат Асанғалиұлы Бәкенов
2014–2016 жылдары «Алматы энергетика және байланыс университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының бесінші ректоры болды.
Техника ғылымдарының кандидаты, 35-тен астам ғылыми еңбектің, 7 инновациялық патенттің, 5 оқу әзірлемесінің авторы. АЭИ түлегі. 2002 жылдан бастап Алматы энергетика және байланыс институтында кіші ғылыми қызметкер, электр энергетикасы факультеті деканының орынбасары, ассистент, кафедраның аға оқытушысы, Өнеркәсіптік кәсіпорындарды электрмен жабдықтау кафедрасының меңгерушісі қызметтерін атқарған. Қазіргі уақытта академик Ш.Шөкин атындағы Қазақ энергетика ғылыми-зерттеу институтының бас директоры қызметін атқарады.