Директорлар кеңесінің мүшесі, ірі акционер Салдузидің өкілі Э.Е.
2024
Сәдібеков Ғани Қалыбайұлы
Директорлар кеңесі
Садибеков Ғани Қалыбайұлы
Білімі
Жоғары (экономикалық және заңгерлік).
1993 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын, 1998 жылы Қырғыз мемлекеттік ұлттық университетін тәмамдаған.
Еңбек жолы
Ғани Садибековтың мемлекеттік қызметте және басқару саласында көпжылдық тәжірибесі бар. Әр жылдары мемлекеттік органдар мен ұлттық компанияларда басшылық қызметтер атқарған.
Қазіргі уақытта кәсіпкерлік қызметпен айналысады.
2016–2018 — Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрі.
2013–2016 — Павлодар облысы әкімінің орынбасары.
2009–2013 — Жамбыл облысы әкімі аппаратының басшысы, облыс әкімінің орынбасары.
2004–2009 — Қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызмет (Алматы қаласының бас мемлекеттік экологиялық инспекторы, аумақтық басқарма басшысы).
1994–2004 — Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің орынбасары, Алматы қаласы өнеркәсіп және сауда департаменті бастығының орынбасары.
Қоғамдық және кәсіби қызметі
Мемлекеттік қызметпен қатар спортты дамытуға және корпоративтік басқару саласына белсенді қатысқан.
• Жамбыл және Павлодар облыстары футбол федерацияларының президенті.
• «ҰК «СПК «Тараз» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі.
• «Жасыл Даму» ЖШС Директорлар кеңесінің төрағасы.
Мемлекеттік наградалары
• «Ерен еңбегі үшін» медалі.
• Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 10, 20 және 25 жылдығына арналған мерейтойлық медальдар.
• Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына арналған мерейтойлық медаль.