Profile Picture

Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор

2026

Жұмин Данат Есболұлы

Директорлар кеңесі
Profile Picture

Данат Жумин — өзгерістер сәулетшісі әрі визионер, кәсіпкер, Dala Edge Creative Tech Park негізін қалаушылардың бірі, Қазақстанда New York Film Academy филиалын ашу бастамашысы. Ол Energo University-дің тәуелсіз директоры әрі Стратегия жөніндегі комитет төрағасы, Baitursynov University Директорлар кеңесінің төрағасы және «Q-88» аумақтарды тұрақты дамыту қауымдастығының тең төрағасы болып табылады.

Ол New York Film Academy-де сценарий жазу шеберлігін оқып, Гарвард бизнес мектебінің OPM бағдарламасы бойынша білім алған, сондай-ақ Singularity University-де экспоненциалды технологияларды меңгерген.

Данаттың жеке және ұйымдық өзгерістерді басқаруда бай тәжірибесі бар. Ол Ironman-ның толық қашықтығын бағындырған, Шымкентті облыс орталығынан республикалық маңызы бар қалаға айналдыру трансформациясымен айналысқан. Сондай-ақ ҚР Үкіметінде жобалық басқаруды енгізіп, креативті экономиканы дамыту бойынша мемлекеттік саясаттың қалыптасу бастауында тұрды.

Бүгінде Данат Жумин Қазақстан мен өңірдегі жаңа экономиканы дамыту үшін инфрақұрылым мен экожүйелер құра отырып, білім, мәдениет, кәсіпкерлік, технология және ESG тоғысындағы жүйелі жобаларды іске асыруда.