Profile Picture

Даму жөніндегі Проректор

2024

Жазықпаева Айжамал Айтмұхамедқызы

Университет Басшылығы
Profile Picture

Жазықпаева Айжамал Айтмұхамедқызы жоғары білім беру саласындағы маркетинг, кәсіби бағдар, талапкерлерді тарту және қазақстандық әрі шетелдік жоғары оқу орындарына қабылдауды ұйымдастыру, сондай-ақ оқытудың барлық кезеңдерінде студенттерге жан-жақты қолдау көрсетуде мол тәжірибесі бар. «Мектеп оқушыларын кәсіби бағдарлау халықаралық бірлестігі» ҚБ құрылтайшыларының жалпы жиналысының төрайымы. Жоғары оқу орындарына қабылдау жөніндегі ұлттық кеңесшілер қауымдастығының (NACAC, АҚШ), Халықаралық мектептер кеңесінің (CIS, Нидерланды) мүшесі. АҚШ, Австралия, Малайзияда біліктілікті арттыру курстарынан өткен.

 

Білімі

•    Компьютерлік ғылымдар маманы – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті.

•    Қаржы бакалавры – Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті.

•    Басшыларға арналған Іскерлік әкімшілендіру магистрі (Executive MBA), «Маркетинг» мамандануы – Назарбаев Университеті.

Еңбек жолы

Еңбек жолын Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің заң факультетінде әдіскер қызметінен бастады. Мемлекеттік білім беру және тестілеу стандарттары ұлттық орталығының тестілік сынақтар технологияларының ғылыми-әдістемелік зертханасында жұмыс істеді. «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-да «Болашақ» стипендиаттарының шетелде оқуын ұйымдастыру және мониторингілеу мәселелерімен айналысып, құжаттарды қабылдау мен конкурс ұйымдастыру бөлімін басқарды. Студенттердің рекрутингін қамтамасыз ету, Назарбаев Университетіне студенттерді іріктеу, қаржыландырудың барлық нысандары бойынша студенттерді конкурстық іріктеу мен қабылдауды қамтамасыз ету, сондай-ақ студенттердің ақпараттық жүйесін автоматтандыру, қабылдау рәсімдерінің ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету, жеке деректердің қауіпсіздігін сақтау бағытында жұмыс атқарды.