Энергетика 17.06.2026

Energo University Минскідегі ШЫҰ ректорларының форумында

Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің (Energo University) ректоры Ғани Нығыметов Минскіде өтіп жатқан ШЫҰ Университеті ректорларының форумына қатысуда.

Шара Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің жетекші жоғары оқу орындарының басшыларын жоғары білім мен ғылымды дамытудың, академиялық ұтқырлықтың өзекті мәселелерін талқылау және болашақ экономикасы үшін кадрлар даярлау мақсатында біріктірді.

АЭжБУ-дың аталмыш форумға қатысуы жаңа серіктестіктерді дамытуға және университетті ШЫҰ кеңістігіндегі «Энергетика» бағыты бойынша аймақтағы базалық жоғары оқу орны ретінде ілгерілетуге септігін тигізеді. Форумның өзі гуманитарлық іс-қимылды нығайтудың және Еуразияның бірыңғай академиялық кеңістігін қалыптастырудың негізгі алаңдарының бірі болып табылады.

Өз сөзінде Ғани Нығыметов энергетикалық көшу (энергоөткел) және цифрлық трансформация үшін мамандар даярлау қажеттілігіне ерекше назар аударды. Осыған байланысты АЭжБУ ректоры ШЫҰ Университеті аясында мүше мемлекеттердегі энергетика саласында жасанды интеллектіні (ЖИ) қолдану тәжірибесін зерттеуге арналған Energy & AI халықаралық алаңын құру туралы бастама көтерді.

Байланыс

Ректорат

Энергетика

Copy link Сілтемені көшіру copy link iwitter link facebook link linkedin link

Жаңалықтар Energo University

Ұқсас жаңалықтар

Жаңалықтар Energo University

Ұқсас жаңалықтар
Предыдущий Следующий
Ұқсас жаңалықтар