АЭжБУ-де қонақ дәрісі өтті
2026 жылғы 19 наурызда "Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті" КЕАҚ-да жұмыс берушілермен ынтымақтастықты дамыту шеңберінде ұйымдастырылған қонақ дәрісі өтті. Спикер ретінде "Теңізшевройл" компаниясының КИП техникалық қызмет көрсету тобының бастығы Данияр Мұсайұлы Қырғызбаев сөз сөйледі.
Баяндама тақырыбы бірнеше өндірістік нысандарды басқаруға арналған цифрлық экожүйеге арналды. Дәріс барысында сарапшы мұнай-газ саласындағы өзінің практикалық тәжірибесімен бөлісті, жабдықтың сенімділігін қамтамасыз етудің заманауи әдістері туралы айтып, істен шығу ықтималдығын талдау өндірістік процестердің тиімділігі мен экономикалық көрсеткіштеріне қалай әсер ететінін түсіндірді.
Кездесу ашық диалог форматында өтті: студенттер практик маманмен белсенді сұрақтар қойып, өзекті инженерлік міндеттерді талқылады. Іс-шара Energo Alumni club-тың студенттер, серіктестер және университет арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға, сондай-ақ кәсіби білім мен тәжірибе алмасуға бағытталған бастамасы аясында өтті.
Оқиғалар
Қонақ дәрісі
Жаңалықтар Energo University