20.04.2021
22 сәуірде сағат 16:00-де Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ-ға оқуға түсу туралы тікелей эфир өтеді
Құрметті талапкерлер!
22 сәуір күні сағат 16: 00-де Instagram әлеуметтік желісіндегі @aues_university парақшасында тікелей эфир өтеді, онда сіздер Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ-ға оқуға түсу бойынша барлық сұрақтарыңызға жауап ала аласыздар.
Өту балы қанша?
АЭжБУ-ға түсу үшін қандай пәндерді тапсыру керек?
Құжаттарды қашан тапсыру керек?
және т.б. сұрақтардың жауаптарын бейсенбі күні аласыздар!
Елдің жетекші техникалық университеті туралы толығырақ білу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз.
Жаңалықтар Energo University