13.07.2021
«Хабар» телеарнасында АЭжБУ туралы телесюжет көрсетіледі
Бүгін кешкі 20.30-да «Хабар» телеарнасы «Индустрия 4.0» бағдарламасының көрсетілімін ұсынады. Аталған эфир Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетіне арналмақ. Онда біздің жоғары оқу орнының негізгі басымдықтары көрсетіледі. Телесюжетте оқыту бағдарламалары, ғылыми жетістіктер және АЭжБУ студенттері мен оқытушыларының Қазақстан индустриясын дамытуға қосқан үлесі сөз болмақ.
Жаңалықтар Energo University