XIII Халықаралық ғылыми-техникалық конференция, 2025 жылғы 22–24 қазан

Гумарбек Даукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті сіздерді университеттің 50 жылдығына арналған «Энергетика, инфокоммуникациялық технологиялар және жоғары білім» атты XIII Халықаралық ғылыми-техникалық конференцияға қатысуға шақырады. Іс-шара 2025 жылғы 22–24 қазанда Алматы қаласында (Қазақстан) өтеді.

Қабылдау комиссиясының баннері
Конференцияның мақсаты – энергетика мен инфокоммуникациялық технологиялардың заманауи үрдістері мен даму перспективаларын, сондай-ақ ғылым, білім және индустрия интеграциясын талқылау. Ерекше назар жаңартылатын энергия көздеріне, ақылды энергетикалық желілерге (смарт-желі), энергия үнемдейтін технологияларға, цифрлық платформаларға, киберқауіпсіздікке, аэроғарыштық технологияларға және жасанды интеллектіні қолдануға аударылады.

1-бөлім. Энергетика және жылуэнергетика

  • Жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК): күн, жел, су және геотермалдық энергия, автономды және гибридті энергетикалық жүйелер
  • Энергия үнемдейтін технологиялар: энергия тұтынуды азайту әдістері, жылумен жабдықтаудағы инновациялар
  • Цифрлық энергетика: Smart Grid технологиялары
  • Өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік
  • Атом энергетикасы

2-бөлім. Телекоммуникациялық және ғарыштық технологиялар, робототехника

  • Шағын ғарыш аппараттары: жобалау, басқару, пайдалану
  • Робототехникалық кешендер және олардың өнеркәсіптегі қолданылуы
  • Байланыс жүйелері: сымсыз желілер, радиобайланыс, талшық-оптикалық технологиялар

3-бөлім. Ақпараттық технологиялар, басқару жүйелері және киберқауіпсіздік

  • Күрделі объектілерді математикалық үлгілеу және симуляциялау
  • Басқару жүйелері, жасанды интеллект, машиналық оқу және нейрондық желілер
  • Киберқауіпсіздік: деректерді қорғау, осалдықты тестілеу

Конференцияның орны мен уақыты

Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті
Алматы қ., Байтұрсынұлы көшесі, 126/1
Конференцияның ашылуы – 2025 жылғы 22 қазан, сағат 10:00
Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын

Негізгі мерзімдер

Конференцияға тіркелу басталуы: 2025 жылғы 10 маусым
Тезистерді қабылдау: 2025 жылғы 30 тамызға 20 қыркүйекке дейін
Қатысуын растау: 2025 жылғы 10 қыркүйекке 27 қыркүйекке дейін
Конференцияның басталуы: 2025 жылғы 22 қазан

Тезистер мен баяндамаларды ұсыну

Тезистердің көлемі — A4 форматы бойынша кемінде 4 беттен кем емес. Мәтін MS Word редакторында: қаріп — Times New Roman, 14 пт, жоларалық интервал — бір жол, барлық өрістер — 2 см. Формулалар Microsoft Equation 3.0 редакторында терілуі тиіс, суреттер *.jpg немесе *.gif форматтарында ұсынылуы қажет.

Жоғарғы оң жақ бұрышта ӘОЖ индексі көрсетіледі; одан төмен — авторлардың аты-жөні (бір мақалаға 5 авторға дейін) және олардың жұмыс орны (аффилиациясы), одан кейін тезистің атауы және 1 см абзацтық шегінісітен кейін негізгі мәтін беріледі. Файл атауы қатысушының аты-жөнімен белгіленеді (мысалы: AbayevAT.doc).

Үлгі

Конференция қорытындысы бойынша конференция материалдарының жинағы жарияланады. Тақырыптық секциялардың шешімі бойынша неғұрлым қызықты және өзекті тезистер «Вестник АУЭС» журналының арнайы басылымында (ҚР ҒЖБМ ұсынған тізімінде) жарияланатын болады.

Тіркеу жарнасы және төлем

Тіркеу жарнасы: 25 000 теңге (Г. Дәукеев атындағы АЭжБУ есепшотына аудару). Бакалаврлар, магистранттар және докторанттар үшін қатысу тегін.

Төлем түбіртегінде міндетті түрде: «Толық аты-жөні, «Энергетика, инфокоммуникациялық технологиялар және жоғары білім» конференциясына қатысу үшін» деп көрсету қажет. Түбіртектің сканерленген немесе фото нұсқасын мына e-mail-ға жіберу керек: mntk@aues.kz.

Жол ақысы мен тұру шығындары қатысушылар есебінен төленеді.

Банктік реквизициялар

«Гумарбек Даукеева» атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Алматы қ., Байтұрсынұлы көшесі, 126/1
тел.: 8(727) 2925740
БИН 030 640 003 269
ИИК KZ608560000000005121
АО «Банк Центр Кредит»
БИК KCJBKZKX

Байланыс

Конференция ұйымдастыру комитеті:
050013, Алматы қ., Байтұрсынұлы к., 126/1, А корпус, 2-қабат, 222-каб.

Конференцияның жауапты хатшысы: Ноғайбаева Мақпал Оразбаевна

Мақалаларды жариялау, өтінімдер мен тезистерді қабылдау бойынша сұрақтар үшін:
Тел.: +7 (727) 3231175 ішкі 11-03
E-mail: mntk@aues.kz