Визалық және көші-қон мәселелрі бойынша қолдау

Energo University-ге оқуға қабылданған шетелдік студенттер С9 санатындағы студенттік визаны рәсімдеуі тиіс. Бұл виза 1 жылға беріледі және оқу мерзіміне сәйкес кейін ұзартылуы мүмкін. Визаны рәсімдеу, соның ішінде Қазақстан Республикасы ІІМ-де тіркелген телекс-нөмірі бар шақыру хатын алу, университеттің Халықаралық ынтымақтастық департаменті арқылы жүзеге асырылады. Визалық мәселелер бойынша хабарласу үшін: ic@aues.kz

С9 санатындағы студенттік визаны алу үшін қажетті құжаттар

Құжаттар AUPET Халықаралық ынтымақтастық департаменті арқылы рәсімделеді. С9 визасын алу үшін шетелдік азаматтар алдымен университеттен ІІМ-де тіркелген телекс-нөмірі бар ресми шақыру хатын алуы қажет. Назар аударыңыз: визаға құжаттар сіздің еліңізге немесе аймағыңызға бекітілген Қазақстан Республикасының Елшілігі немесе Консулдығы арқылы тапсырылады. Елшіліктер мен олардың консулдық округтерінің тізімі: https://docs.google.com/document/d/11c4Jw3CBpvGMtxhvXrFNINjcXe3CfqBV/edit?usp=sharing&ouid=105653327037220814320&rtpof=true&sd=true

Шақыру хатын алу үшін қажетті құжаттар:

  • Паспорт көшірмесі
  • Туған жері туралы мәлімет (ағылшын тілінде)
  • Тұратын жері туралы мәлімет

Визаға құжаттарды тапсыру:

  • Толтырылған визалық анкета
  • Жарамды шетелдік паспорт
  • Телекс-нөмірі бар шақыру хаттың көшірмесі (тіркеу нөмірі мен күні көрсетілген)

Қазақстан Республикасында С9 визасын ұзарту үшін құжаттар

С9 студенттік визасын ұзарту үшін шетелдік студенттер құжаттарды алдын ала Халықаралық ынтымақтастық департаментіне (А411 кабинеті) тапсыруы қажет. Құжаттарды ағымдағы визаның мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 30 жұмыс күні бұрын тапсыру ұсынылады.

Визаны ұзарту үшін қажетті құжаттар:

  • Паспорттың түпнұсқасы
  • Қолданыстағы виза
  • Мемлекеттік баж төлемінің түбіртегі (30 АЕК)
  • Дактилоскопиядан өткені туралы анықтама