Energo University

Оқиғалар 22.05.2025

Energo University кітапханасы 50 жылдық мерейтойын атап өтуде!

news.title_ru

Energo University ректоры Ғани Нығыметов университет кітапханасының қызметкерлерін құттықтай отырып, әр қызметкердің кітапхана қорын сақтап, байытуға қосқан баға жетпес үлесін атап өтті және олардың қажырлы еңбегі үшін алғысын білдірді. Ғани Нығыметов өзінің және университет басшылығы атынан кітапхана қорына Абайдың «Қара сөздер» мерейтойлық жинағын табыстады

Университетпен түйдей құрдас кітапхана қорында бүгінде 302 мың дана ғылыми және оқу әдебиеті бар. 

Айта кетейік, кітапхана қорларының қомақты бөлігін Energo University оқытушыларының еңбектері құрайды. Олардың қатарында университеттің көрнекті ғалымдары, бұрынғы ректорлары Альберт Болотов пен Ғұмарбек Дәукеевтің еңбектері де бар.

Energo University ұжымы кітапхана қызметкерлерін осы айтулы күнмен шын жүректен құттықтайды!

Оқиғалар

Мерейтой

Кітапхана

Copy link Сілтемені көшіру copy link iwitter link facebook link linkedin link

Жаңалықтар Energo University

Ұқсас жаңалықтар

Жаңалықтар Energo University

Ұқсас жаңалықтар
Предыдущий Следующий
Ұқсас жаңалықтар