17 мамырда Қазақстандағы New York Film Academy филиалында Ашық есік күні өтті.
Алматы энергетика және байланыс университетінің (Energo University) Креативті индустриялар паркінің аумағында талапкерлер, түрлі жылдардағы NYFA түлектері, кино индустрия қайраткерлері және селебрити жиналды. Филиалы Қазақстан аумағында алғаш рет ашылып жатқан әлемдік деңгейдегі креативті университеттің филиалына түсу туралы сұрақтарға жауаптар берілді, шеберлік кластары өтті.
Сабақтар 29 қыркүйекте басталады. Оқыту Голливуд пен Нью-Йорктен келген оқытушылар тарапынан заманауи жабдықталған оқу студияларында, NYFA-ның жоғары стандарттарына сай, АҚШ-тағыдай тәжірибеге (курстың 90%-ы) баса назар аударыла отырып жүргізіледі. Бір жылдық оқуды аяқтағаннан кейін NYFA дипломы беріледі, түлектер толыққанды шығармашылық портфолио алады, онымен сіз бірден жұмысқа кірісе аласыз немесе екінші курсқа ауыса отырып, бакалавр немесе магистр дәрежесін алу үшін АҚШ-та оқуды жалғастыра аласыз.
Түсуге өтінімді kaz.nyfa.edu сайтында беруге болады
Оқиғалар
Шығармашылық
Сілтемені көшіру