Energo University 2025 жылғы 12-13 мамырда Үрімші қаласында (ШҰАА, ҚХР) өтіп жатқан Шанхай ынтымақтастық ұйымы университетінің (ШЫҰ Университеті) конференциясына белсенді қатысты. Energo University-дің іс-шараға қатысуы ШЫҰ шеңберіндегі халықаралық өзара іс-қимылды нығайту, инженерлік және энергетикалық білім беру саласындағы қазақстандық тәжірибені жылжыту, сондай-ақ академиялық алмасу мен әріптестік үшін мүмкіндіктерді кеңейту жолындағы маңызды қадам болды.
Конференция уақыт бойынша ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің білім министрлерінің тоғызыншы кеңесімен тұспа-тұс келді, бұл оның білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытудағы жоғары мәртебесі мен маңыздылығын білдірді.
Біздің университет халықаралық байланыстарды белсенді дамытуды, заманауи білім беру бастамаларын қолдауды және өңірдің тұрақты дамуы үшін жоғары білікті кадрларды даярлауға үлес қосуды жалғастыруда.
Естеріңізге сала кетейік, 10 мамырда Energo University кадрларды даярлау, 2+2 бағдарламасы бойынша студенттердің академиялық алмасуы және ғылыми бағдарламалар бойынша Солтүстік Қытай электр энергетикалық университетімен, Қытайдың Huadian Group Co., Ltd энергетикалық мемлекеттік корпорациясымен және Шыңжаң университетімен альянс құрды.
Халықаралық ынтымақтастық
Сілтемені көшіру