Energo University

Оқиғалар 30.04.2025

EU-дағы бос жұмыс орындары жәрмеңкесі: студенттер мен жұмыс берушілердің диалогы

news.title_ru

Energo University-де Мансап орталығы ұйымдастырған жыл сайынғы бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Іс-шара энергетика, IT, телекоммуникация және инженерлік технологиялар салаларындағы 35-тен астам компанияны біріктірді.

Жәрмеңке студенттер мен компания өкілдерінің тікелей қарым-қатынасы үшін тиімді алаңға айналды. Қатысушылар қатарында Alatau Zharyk Company, Danone Kazakhstan, Garant Tranzit Plus, Алматыэнергосервис, Мобайл Телеком-Сервис, AAEngineering Group және халықаралық IT-компаниялар болды.

Студенттер экспресс-сұхбаттан өтіп, мансаптық мүмкіндіктер туралы ақпарат алып, түйіндемелерін қалдыруға мүмкіндік алды. Сондай-ақ қонақтар үшін университеттің ғылыми зертханаларына тур ұйымдастырылды.

Ұйымдастырушылар мұндай бастамалар жас мамандарды жұмысқа орналастыруға және Energo University-дің серіктестік байланыстарын нығайтуға ықпал етеді деп сенеді!

Оқиғалар

Тәжірибе

Copy link Сілтемені көшіру copy link iwitter link facebook link linkedin link

Жаңалықтар Energo University

Ұқсас жаңалықтар

Жаңалықтар Energo University

Ұқсас жаңалықтар
Предыдущий Следующий
Ұқсас жаңалықтар