«Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті» коммерц...

Роботтар 14.04.2025

KAZ ROCKETS Satellite Design Tournament чемпионатының жеңімпаздары анықталды

news.title_ru

10-13 ақпан аралығында Energo University алаңында KAZ ROCKETS Satellite Design Tournament 2025 (KSDT) наноспутниктерді жобалау, құрастыру және ұшыру бойынша республикалық инженерлік турнирдің финалы өтті.

Байқаудың іріктеу кезеңіне Қазақстан мен Орталық Азия елдерінен 165 команда қатысты. Онлайн-іріктеу нәтижесі бойынша ең мықты 20 команда жартылай финалға өтті, ал олардың ішінен 10 команда Алматыға финалға қатысуға шақырылды.

10 сәуір күні финалистер Energo University алаңына жиналып, спутниктерді құрастыруға кірісті. Барлық қажетті материалдар, жабдықтар мен құралдар университет тарапынан қамтамасыз етілді.

11 сәуірде қатысушылар спутниктерінің сыртқы ортаға төзімділігін сынақтан өткізді – олар вакуумдық камерадан, –20°C температураға дейін мұздатқыш құрылғылардан, сондай-ақ 6G жүктемеге арналған сынақтардан өтті.

12 сәуір күні командалар аэростаттарды пайдалана отырып, наноспутниктерді ұшырды. Аэростаттар құрылғыларды теңіз деңгейінен 4 шақырым биіктікке дейін көтерді. Ұшырулар аяқталғаннан кейін ұйымдастырушылар алынған телеметриялық деректерді талдап, оларды инженерлік құжаттама, құрастыру және сынақтар бойынша бағалармен салыстырды.

Байқаудың жеңімпаздары:

1 орын — ARA командасы (Астана қ.)

2 орын — Stargate Rocketry командасы (Ақтөбе қ.)

3 орын — SEDS-J командасы (Алматы қ.)

– Қазақстанда ғылым мен инженерлік білім беруді дамытуға үлес қосудың маңызын жақсы түсінеміз, – деп атап өтті Energo University ғылым жөніндегі проректоры Куаныш Алипбаев. – Сондықтан университетіміз KAZ ROCKETS Satellite Design Tournament секілді ауқымды жарыстарды өткізу алаңы болып, ұйымдастырушылар мен қатысушыларға жан-жақты қолдау көрсетіп келеді.

 

Ғарыш

Роботтар

Сайыс

Copy link Сілтемені көшіру copy link iwitter link facebook link linkedin link

Жаңалықтар Energo University

Ұқсас жаңалықтар

Жаңалықтар Energo University

Ұқсас жаңалықтар
Предыдущий Следующий
Ұқсас жаңалықтар