Ең алдымен жатақханада орындар келесі санаттағы студенттерге беріледі:
• кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған тұлғалар
• I, II және III топ мүгедектері, мүгедек балалар немесе I және II топтағы мүгедек ата-аналары (екеуі немесе біреуі) бар тұлғалар
• ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын анықтайтын мамандықтарға түскен ауыл жастары
• отбасында 18 жасқа дейінгі 3 және одан да көп баласы бар, оқушыны қоса алғанда, 21 жастан аспайтын көпбалалы отбасылардан шыққан талапкерлер мен студенттер
• мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша немесе толық ақылы негізде оқитын және Республика шалғай облыстарынан келген студенттер