Ғылым күні қарсаңында Energo University ректоры Ғани Нығыметов кафедра меңгерушілерімен кездесу өткізді.
Ректор ғылыми қызметімен көзге түскен әріптестерін атап өтіп, бұл бағыттың әр кафедрада дамуының маңыздылығын ерекшеледі. Сонымен қатар кездесу барысында академиялық блок өкілдері өзекті мәселелерді көтеріп, жұмыс үдерісін жетілдіру бойынша идеяларын ректорға ұсына алды.
«Кафедра меңгерушілері — университетті басқару жүйесіндегі негізгі тұлғалар. Олардың белсенді қатысуы мен көшбасшылығы болмаса, ғылымды дамыту да, университетті тиімді трансформациялау да мүмкін емес», — деді Ғани Нығыметов.
Ректор осындай кездесулер тұрақты форматқа айналатынын, университеттің жаңа дәстүрі болатынын, ал бұл өз кезегінде мақсаттарды үйлестіруге, ресурстарды оңтайландыруға және командалық жұмыс пен сенімге негізделген болашақ университетін қалыптастыруға септігін тигізетінін атап өтті.
Ғылыми қызмет
Ректорат
Мұғалімдер
Сілтемені көшіру