Energо University-де Қамқоршылық кеңестің отырысы өтті. Іс-шараның негізгі тақырыптары Кеңес құрамын жаңарту, оның жұмысын стратегиялық жоспарлау және әлемдік үрдістерді ескере отырып, ЖОО-ның білім беру бағдарламаларын дамыту болды. Түлектердің тәжірибеден өтуі және оларды жұмысқа орналастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кездесу аясында «Көкшетау ЖЭО» ЖШС-мен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, сондай-ақ жаңа оқу жылына KEGOK компаниясының қолдауымен университет базасында диспетчерлік пункттің жұмысын толығымен имитациялайтын диспетчерлік жаттықтырғышпен жабдықталған алдыңғы қатарлы мамандандырылған зертхананы ашу жоспарлары айтылды. Бұл студенттерге оқу кезінде болашақ жұмыстың ерекшеліктерін жете түсінуге және жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді.
Оқиғалар
Түлектер
Мерейтой
Сілтемені көшіру