Energo University-де Алматы әуесқой радио лигасы кеңесінің төрағасы Михаил Чирковтың «Екі жақты радиобайланыстарды жүргізу кезінде Айды пассивті шағылдырғыш ретінде пайдалану тәжірибесі» тақырыбында қонақ дәрісі өтті. Ұйымдастырушы Коммуникациялық және ғарыштық инженерия институтының ғарыштық инженерия кафедрасы болды.
Университеттің 50 жылдығына арналған дәріс заманауи радиобайланыс әдістеріне қызығушылық танытқан студенттер мен оқытушылардың назарын аудартты. Михаил Чирков Айды пассивті шағылдырғыш ретінде пайдаланатын радио жүйелердің жұмыс қағидалары, осы әдістің техникалық ерекшеліктері және оның ғарыштық инженерияны дамытудағы маңызы туралы толық айтты.
Қатысушылар сұрақтар қоюға, технологияны қолдану перспективаларын талқылауға, сондай-ақ радиобайланыс және астротехника саласындағы білімдерін тереңдетуге мүмкіндік алды.
Байланыс
Қонақ дәрісі
Ғарыш
Сілтемені көшіру