Women in Tech Kazakhstan Chapter басшысы және Energo University-дің Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі индустриялық кеңесінің мүшесі Асем Болатжан IT-мамандықтар студенттері алдында мотивациялық дәріс оқыды.
Дәріскер өзінің қызықты мансаптық жолы туралы – гуманитарлық саладан IT-ге, қоғамдық қызметке, мақсат қою және оған қол жеткізу бойынша лайфхактармен бөлісті, технологиялық салалардағы әйелдер мен ерлердің тең мүмкіндіктеріне назар аударды. Тыңдаушыларды ағылшын тілін, digital саласын белсенді оқып білуге және жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалануға, осы саладағы білім деңгейін үнемі арттыруға ынталандырды. Біздің жылдам өзгеретін заманымызда бұл сіздің негізгі мамандығыңызға қарамастан еңбек нарығында бәсекелі болу үшін қажет.
Сондай-ақ, Асем Болатжан барлық тілек білдірген қазақстандық әйелдердің өзі қазақстандық бөлімшенің басшысы болып табылатын Women in Tech халықаралық қозғалысына кіру мүмкіндіктері туралы айтып берді.
Мүшелік туралы толық ақпаратты @womenintech.kz аккаунттынан алуға болады
Қонақ дәрісі
Ақпараттық технология
Сілтемені көшіру