Energo University-де Алматы қаласының пауэрлифтинг бойынша біріншілігі өтті, оған шамамен 200 спортшы қатысты. Іс-шара университеттің 50 жылдығы аясында ұйымдастырылды.
Айта кетерлігі, «жатып сығымдау» жаттығуы бойынша қызу бәсеке нәтижесінде біздің университеттің төрт студенті жүлделі орындарға ие болды.
1-орын – Нұрәлі Жансай (СИБк-22-8а тобы)
2-орын – Дмитрий Друзин (АУ-22-7а тобы)
3-орын – Альмир Ахметов (ВТ-24-2а тобы)
4-орын – Павел Сенчилов (ВТ-24-2а тобы)
1 және 2 орын алған студенттер биыл мамыр айында өтетін Қазақстан чемпионатында өнер көрсету мүмкіндігіне ие болды.
Студенттерімізді құттықтаймыз! Оларға жаңа жетістіктер тілейміз!
Студенттік өмір
Спорт
Жетістіктер
Сілтемені көшіру