Shakhmardan Yessenov Foundation 20 студентке ай сайын 70 000 теңге көлемінде шәкіртақы тағайындау үшін байқау жариялайды.
Бағдарлама қатысушылары: қазақстандық университеттерде жаратылыстану-ғылыми, техникалық, медициналық және ІТ мамандықтары бойынша білім алып жатқан бакалавриаттың 2-3 курс студенттері, медициналық жоо үшін бакалавриаттың 2-5 курсы, 18 жасқа толған Қазақстан азаматтары.
Шәкіртақы саны: 20
Ш. Есенов атындағы шәкіртақы Байқауына қатысу үшін үміткер:
- Қордың ресми сайтында – yessenovfoundation.org онлайн өтінімді толтыруы керек.
Өтінімге келесі құжаттарды қоса тіркеуі қажет:
Міндетті құжаттар:
Жеке куәлік көшірмесі;
«Қазіргі әлемде кәсіпқой маман болу оңай ма? Бұған не кедергі келтіреді және не ықпал етеді?» атты тақырыпқа эссе. (Microsoft Word форматында);
Транскрипт (орта балл 3,0 кем емес). *балы 3,0-ден төмен өтінімдер қарастырылмайды;
Соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама.
Қосымша құжаттар:
*Қормен сертификаттардың шектеулі саны қаралады. Ізденуші жетістіктерін барынша жақсы жағынан көрсететін сертификаттарын өз бетінше іріктеп алуы қажет.
Өтінімдер 2025 жылдың 3 ақпанынан бастап 4 наурызына дейін қабылданады.
Өтінімдерді қабылдау 2025 жылдың 4 наурызында сағат 15:00-де (GMT+5) аяқталады. Көрсетілген мерзімнен кейін келіп түскен өтінімдер қарастырылмайды.
Хабарландырулар мен хабарландырулар
Сілтемені көшіру