Energo University-дің студенттері құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша: есірткіні қолданғаны үшін жауапкершілік және қоғамдық орындарда темекі тартуға тыйым туралы екі кездесуге қатысты.
№58 БПП бөлімшелік инспекторы полиция капитаны Данияр Азикенов мұндай әрекеттердің құқықтық салдарларын түсіндіріп, қоғамдық тәртіпті сақтаудың маңыздылығын атап өтті. Студенттер талқылауға белсенді қатысып, құқықтық аспектілерге қызығушылық танытты.
Екінші кездесу Almaty Clinic-тің клиникалық психологы Кристина Керимованың қатысуымен өтті. Ол есірткітәуелділіктің психологиялық себептері, орта мен ішкі факторлардың шешім қабылдауға әсері туралы егжей-тегжейлі айтты.
Energo University-дің Студенттермен жұмыс жөніндегі департаменті атап өткендей, іс-шара проблемаға саналы көзқарасты қалыптастыруға және студенттердің нашақорлықтың алдын алу әдістері туралы білімдерін нығайтуға ықпал етті.
Қонақ дәрісі
Студенттік өмір
Сілтемені көшіру