Energo University

Оқиғалар 07.02.2025

Energo University-дегі Cyber day

news.title_ru

Energо University-де Cyber Day аясында киберспорт және киберқауіпсіздік бойынша ЖОО ішіндегі турнирлердің жеңімпаздары мен жүлдегерлері марапатталды.

Energo University-дің барлық мамандықтарының студенттеріне арналған киберспорт турнирін Автоматтандыру және ақпараттық технологиялар институтының киберқауіпсіздік кафедрасы жыл сайын өткізеді. Студенттер екі пән бойынша жарысты - Dota 2 және Counter Strike. Жүлделі орындар үшін 62 командадан 300-ден астам қатысушы күресті. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер 6 команда (30 ойыншы) болды. «Бағдарламалық инженерия», «Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері», «Автоматтандыру және басқару», «Электр энергетика», «Жүйелік инженерия», «Smart-технологияларды интеграциялау және басқару» мамандықтары бойынша оқитын студенттер медальдар мен сыйлықтарға ие болды.

Сондай-ақ, «Ақпараттық қауіпсіздік жүйесі» мамандығының студенттері үшін киберқауіпсіздік бойынша турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті. Осы жарыс аясында қатысушылар деректердің шифрын ашып оқыды, суреттерден жалауларды іздеумен айналысты, веб-осалдықтарды талдады, ақпаратты іздеу үшін бағдарламалық құралдарды қолданды.

Cyber Day барысында жарысқа қатысушыларды марапаттап қана қоймай, көрермендер үшін үш зияткерлік сайыс ұйымдастырды. Ең тапқырлар бағалы сыйлықтарға ие болды.

Автоматтандыру және ақпараттық технологиялар институты

 

Оқиғалар

Студенттік өмір

Киберқауіпсіздік

Спорт

Copy link Сілтемені көшіру copy link iwitter link facebook link linkedin link

Жаңалықтар Energo University

Ұқсас жаңалықтар

Жаңалықтар Energo University

Ұқсас жаңалықтар
Предыдущий Следующий
Ұқсас жаңалықтар