Energo University-дің командасы электр энергетика бойынша республикалық олимпиаданың жеңімпазы

15-16 сәуір аралығында Қ.И. Сәтбаев атындағы "Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті" КеАҚ базасында Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының студенттері арасында "Электр энергетика" мамандығы бойынша Республикалық пәндік олимпиада өтті. Іс-шараға еліміздің түкпір-түкпірінен келген мықты командалар қатысты. Energo University-дің атынан (Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс универсиитеті) олимпиадаға 6B07101 "Электр энергетика" мамандығының студенттері: Ахмедов Даулет, Мороз Матвей және Саурамбаев Ануар қатысты. Команданы Жаңартылатын және баламалы энергия көздері кафедрасының доценті И.В. Казанина басқарды.
Олимпиаданың қорытындысы бойынша 39 қатысушыдан жеке есепте Energo University-дің екі студенті жүлделі орындарға ие болды: біріншісі –Ахмедов Даулет, үшіншісі –Мороз Матвей. Ал 14 команда арасында командалық есепте біздің команда ең жақсы нәтиже көрсетіп, бірінші болды!
Бәрекелді, студенттерімізді және олардың жетекшілерін тамаша нәтижелерімен құттықтаймыз!


Жаңалықтар Energo University