Energo University

Profile Picture

Ғылым жөніндегі Проректор

2024

Әліпбаев Қуаныш Арынғожаұлы

Университет Басшылығы
Profile Picture

Қуаныш Арынғожаұлы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің механика мамандығы бойынша бакалавры, Қазақстан инновациялық университетінің қаржы мамандығы бойынша бакалавры, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың механика мамандығы бойынша магистрі, Almaty Management University (АлмаЮ) іскерлік басқару магистрі (MBA), сондай-ақ әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың механика мамандығы бойынша PhD докторы ғылыми дәрежелеріне ие.

Еңбек жолы

Қуаныш Арыңғожайұлы еңбек жолын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде инженер-бағдарламашы болып бастап, банктік сервистік қызмет көрсету бөлімінде қызмет атқарды. Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлік академиясында кіші ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді. Ғарыштық техника және технологиялар институтында ("Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы" акционерлік қоғамы, Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті) ғылыми қызметкерден зертхана меңгерушісінің орынбасарына дейінгі жолдан өтті.

 

2017 жылдан бастап Алматы энергетика және байланыс университетінде ғылыми-педагогикалық қызметін кафедра доценті, кафедра меңгерушісі ретінде жалғастырып, 2021 жылдан бастап Байланыс және ғарыштық инженерия институтының директоры қызметін атқарып келді.

 

Қоғамдық және ғылыми қызметі
Қуаныш Арыңғожайұлы Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитетінің ғылыми-техникалық кеңесінің мүшесі, «Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс, биологиялық қауіпсіздік» басымдығы бойынша Ұлттық ғылыми кеңестің мүшесі, «Телекоммуникациялар» және «Инженерия және инженерлік іс», «Механика және металл өңдеу, Геофизикалық инжиниринг және технологиялар» бағыттары бойынша кадр даярлау жөніндегі Республикалық оқу-әдістемелік кеңестің мүшесі. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті ғарыш қызметі саласындағы кәсіби стандарттар мен салалық біліктілік шеңбері бойынша сарапшы, IAAR Тәуелсіз аккредитация және рейтинг агенттігінің сарапшысы. 8D071 "Инженерия және инженерлік іс" ("8D07103 Автоматтандыру және басқару", "8D07104 Құралжасау", "8D07105 Ғарыштық техника және технологиялар") даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңестің төрағасы.

 

Жапония, Германия, Ұлыбритания, Бельгия және Ресей Федерациясында біліктілікті арттыру курстарынан өткен.

 

130-дан астам ғылыми мақаланың, 7 ҚР патентінің, 4 монография мен 7 оқу құралының авторы.

 

Келесі жобалардың ғылыми жетекшісі болып табылады:

IRN AP05131162: Болашағы бар ЗТ-ны Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшыру мысалында жақсартылған экологиялық сипаттамалары бар зымыран-тасығыштарды (ЗТ) жасауға арналған инновациялық технологияны теориялық және эксперименттік зерттеу (2018–2020 жж.);

IRN АР130004/0222: Бағдарламалық-бағытталатын ПЛИС негізінде реактивті снарядтар үшін зияткерлік басқару борттық кешенін әзірлеу (2022–2024 жж.);

IRN AP14869120: Cubesat форм-факторына арналған үздік және оңтайлы сипаттамалары бар «спутник-спутник» тарбағытталған антенналық жүйелерді әзірлеу және жасау (2022–2024 жж.);

IRN BR27195331: Миналар, оқ-дәрілер және қолдан жасалған құрылғыларды іздеу және залалсыздандыру мүмкіндігі бар көпфункциялы әскери мақсаттағы роботтандырылған жүйені әзірлеу (2024–2026 жж.).

 

2019 жылы Қазақстан Республикасының ЖОО-ның үздік оқытушысы, 2020 жылы Қазақстан Республикасының үздік инженері деп танылды. «Ғарыш саласын дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталған.