Оқиғалар 13.03.2026

АЭжБУ болашағы бүгін қаланады!

Университетіміздің қабырғасында Ректор Ғани Нығыметовтің АЭжБУ белсенділерімен маңызды кездесуі өтті. Бұл жоғары оқу орнының ауқымды трансформациясы, инфрақұрылымды жаңарту және студенттерге арналған жаңа мүмкіндіктер туралы ашық әрі сындарлы сұхбат болды.

Кездесудің басты тезистері:

* Студенттік клубтар - университет жүрегі. Бұл әлеуметтік лифт және өзін-өзі таныту платформасы. Ректор ЖОО таланттарға инвестиция салуға және бірлестіктер жұмысын тиімді етуге дайын екенін атап өтті.

* Ашық Q&A. Сұрақ-жауап бөлімінде белсенділер түйткілді мәселелерді ашық көтеріп, Ректор оларға тікелей және нақты жауап берді. Барлық «түйінді мәселелер» хатталып, биылғы студенттік өзін-өзі басқаруды дамытудың жол картасына негіз болады.

Кездесуде қоғамдық-саяси күн тәртібіне ерекше назар аударылды. Ректор студенттерге Қазақстанда қабылдануы жоспарланған конституциялық реформалардың мән-жайын егжей-тегжейлі түсіндіріп берді. Ол 15 наурызда өтетін референдумның маңыздылығына тоқталып, жастардың бұл процеске қатысуы — әділетті әрі заманауи мемлекет құруға қосылған үлес екенін жеткізді.

Біз бір-бірімізді естідік. Енді - әрекет ететін уақыт!

Оқиғалар

Copy link Сілтемені көшіру copy link iwitter link facebook link linkedin link

Жаңалықтар Energo University

Ұқсас жаңалықтар

Жаңалықтар Energo University

Ұқсас жаңалықтар
Предыдущий Следующий
Ұқсас жаңалықтар