Mishura Mishura Right

В новый год с Energo University!

Оқиғалар 24.12.2025

ABB компаниясының Қазақстандағы алғашқы зертханасы Energo университетінде ашылды

Электрлендіру, өнеркәсіптік автоматтандыру және цифрлық шешімдер саласындағы әлемдік көшбасшы болып табылатын швед-швейцариялық ABB компаниясының Қазақстандағы алғашқы оқу-тәжірибелік зертханасы Алматы энергетика және байланыс университетінде ашылды.

 

ABB энергетикалық жүйелер, өнеркәсіп, көлік және инфрақұрылым нысандары үшін технологияларды әзірлейді және енгізеді, бұл тиімділікті, сенімділікті және тұрақты дамуды қамтамасыз етеді. Ынтымақтастық аясында тараптар АЭжБУ студенттерін тағылымдамадан өткізуге, оқытушыларды оқыту үшін ABB жаттықтырушыларын тартуға және университет түлектерін жұмысқа орналастыруға келісті.

 

AЭжБУ ректоры Ғани Нығыметов ABB компаниясына университеттің білім беру инфрақұрылымын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін алғыс айтып, елдегі осы деңгейдегі алғашқы зертхананың ашылуы автоматтандыру және басқару саласындағы болашақ инженерлер үшін практикалық дайындық пен кәсіби өсу үшін жаңа мүмкіндіктер туғызатынын атап өтті.

Оқиғалар

Хабарландырулар мен хабарландырулар

Copy link Сілтемені көшіру copy link iwitter link facebook link linkedin link

Жаңалықтар Energo University

Ұқсас жаңалықтар

Жаңалықтар Energo University

Ұқсас жаңалықтар
Предыдущий Следующий
Ұқсас жаңалықтар