24 қараша күні, Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінде «Әлеуметтік пәндер» кафедрасының ұйымдастыруымен «Желтоқсан оқиғасы – Тәуелсіздік жаршысы» атты ашық дәріс өтті.
Шараның мақсаты – студенттерге Тәуелсіздік сабақтарын насихаттау, отансүйгіштік рухты қалыптастыру, туған жер мен ұлттық құндылықтарды қастерлеуге тәрбиелеу.
Дәріс барысында «Қайсар жүрек» қоғамдық қорының директоры, журналист Шара Бөлегенқызы Ергебаева, Желтоқсан оқиғасының мән-маңызын түсіндіріп, ардагерлерге сөз берді.
Студенттермен кездесуге:
• «Желтоқсан зейнеткерлері» қоғамдық бірлестігінің мүшелері – Серікқазы Тұрғанбаев, Клара Дингуатова, Рысбек Маңызбаев;
• «Тәуелсіздік қырандары» бірлестігінің мүшелері – Жаңаберді Абраев, Қалыбек Телькараев келіп, Брежнев алаңындағы сол бір тарихи күндердің куәгері ретінде өз естеліктерімен бөлісті.
Студенттер қонақтарға сұрақ қойып, өз ой-пікірлерін білдірді. Шара соңында қонақтарға алғыс айтылып, сый-сияпат табысталды.
Бұл тағылымды кездесу жастардың тарихи санасын қалыптастыруға, Желтоқсан рухын ұрпақ жадында сақтауға бағытталған маңызды іс-шара болды.
Оқиғалар
Қонақ дәрісі
Сілтемені көшіру