Оқиғалар 21.11.2025

Заң және тәртіп

«Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінде” Қазақстан Республикасының Президенті жариялаған «Заң және тәртіп» бағдарламасын іске асыру аясында студенттерге арналған «Дипфейктер және жаңа қауіптер. Экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында лекция өткізілді. Іс-шараны Студенттермен жұмыс департаменті ұйымдастырды.

Іс-шараға келесі салалық мамандар қатысты:
Динара Саһибовна Өтебаева — дінтанушы, Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығының сарапшысы, НААР сарапшысы;
Данияр Қуаншыұлы Әзікенов — Бостандық ауданының полиция капитаны, учаскелік инспектор;
Дулат Білдебаев — Алматы қаласы Экономикалық тергеулер департаментінің аға жедел уәкілі.

Спикерлер қазіргі киберқауіптіліктер, дипфейк жасау технологиялары және оларды анықтау әдістері бойынша аналитикалық ақпарат ұсынды. Сонымен қатар экстремизм мен терроризмнің алдын алу, азаматтық қоғамды манипулятивті және деструктивті контенттен қорғау мәселелері қарастырылды.

Студенттермен жұмыс департаментінің директоры Айдар Солтанбековтың айтуынша:
«Жастардың цифрлық сауаттылығын, сыни ойлау дағдыларын және ақпараттық ортаға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру — ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды бөлігі. Мұндай кездесулер цифрлық қауіпсіздікті нығайтуға, студенттердің құқықтық мәдениетін дамытуға және белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға ықпал етеді».

Оқиғалар

Қонақ дәрісі

Copy link Сілтемені көшіру copy link iwitter link facebook link linkedin link

Жаңалықтар Energo University

Ұқсас жаңалықтар

Жаңалықтар Energo University

Ұқсас жаңалықтар
Предыдущий Следующий
Ұқсас жаңалықтар