Қыркүйек айының соңында АЭжБУ-дың акт залында Студенттермен жұмыс департаментінің ұйымдастыруымен бірінші курс студенттеріне арналған екі маңызды шара өтті. Мақсат – олардың бейімделуіне қолдау көрсету және жеке әлеуетін дамыту.
30 қыркүйекте Студенттермен жұмыс департаменті қарамағындағы психологиялық қызметтің бастамасымен психологиялық денсаулық тақырыбында семинар өтті. Шараға «Almaty clinic» медициналық орталығының клиникалық психологы қатысып, жастар арасындағы деструктивті мінез-құлықтың белгілері, себептері мен тәуекел факторлары туралы айтты. Кездесу студенттердің өзін-өзі тануына, төзімділікке тәрбиелеуге және психологиялық қолдауға бағытталды.
Сонымен қатар, Республикалық «Жаңа Ұрпақ» мектебінің негізін қалаушы Асхат Әбжанов студенттермен мотивация және даму тақырыбында әсерлі дәріс өткізді. Ол табыс философиясымен бөлісіп, эмоциялық интеллекттің маңызына тоқталды, сондай-ақ аймақтан шығу жолдары мен нағыз көшбасшылықтың күнделікті таңдау мен жауапкершіліктен басталатынын түсіндірді.
Аталған іс-шаралар студенттердің тұлғалық дамуына, болашағы туралы ойлануына, сенімділік табуына және мамандардан құнды кеңестер алуына ықпал етті.
Оқиғалар
Психология
Сілтемені көшіру