Оқиғалар 02.09.2025

АЭжБУ-де Конституция күніне арналған дөңгелек үстел өтті

29 тамыз күні АЭжБУ кітапханасында «Ықпалды Парламент – азаматтардың конституциялық құқықтары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналды.

Шараға Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты Досалы Салқынбек Исаханұлы және Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, тарих ғылымдарының докторы Ханкелді Махмудұлы Абжанов арнайы шақырылды.

Дөңгелек үстел жұмысына АЭжБУ-дың профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері де белсене қатысты. Басқосу барысында еліміздің Ата Заңына енгізілген өзгерістер мен олардың қоғам дамуына ықпалы және мемлекеттік билік құрылымдарының ерекшеліктері кеңінен сөз болды.

Кездесу аясында Парламенттің азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы рөліне ерекше назар аударылып, қатысушылар өз ой-пікірлерімен бөлісті.

Оқиғалар

Copy link Сілтемені көшіру copy link iwitter link facebook link linkedin link

Жаңалықтар Energo University

Ұқсас жаңалықтар

Жаңалықтар Energo University

Ұқсас жаңалықтар
Предыдущий Следующий
Ұқсас жаңалықтар